Мұқағали МақатаевКеремет кезде тусақ та, Керемет шақта тұрсақ та, Білдірмей іштен тынсақ та, Біздің хал мүшкіл бұл шақта

Мұқағали Мақатаев

Керемет кезде тусақ та,
Керемет шақта тұрсақ та,
Білдірмей іштен тынсақ та,
Біздің хал мүшкіл бұл шақта.
Зауық жоқ сауық - сайранға,
Қона алмай жүрміз жайлауға.
Бәйгені бермес көк қасқа,
Бұл күні, қалқам, байлауда.
Ой менен қырға ап қашқан,
Шоқ шайнап жүріп, от басқан,
Бәйгені бермес көк қасқа,
Бізбенен бүгін қоштасқан.
Өткізген күндер дүрмекпен,
Өткен шақтармен бір кеткен.
He таптық арзан құрметтен?
Арзан сауықты гулеткен.
Хал мүшкіл, қалқам, бұл шақта.
Өткенге мойын бұрсақ та,
Барсақ деп айла қылсақ та,
Жеткізбес енді қусақ та...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

ЖЫЛАНДЫ ТАУЫ, АЙДАҺАР ҮНГІРІ ЖАЙЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР
Кітап оқушылар конференциясы
Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Халқымыздың дарынды ақындары
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ақындардың қолданысындағы фразеологиялық тіркестер ерекшелігі
Сөз қадірін кетіріп алмайық
Ақын мұрасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік аясы
Қазақтың «бес арысы» атанған зиялылар ілімдеріндегі еркіндік мәселесі
«Қазақ прозасындағы ислам әуендері»
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім