Жаңа сабақ. Сабақ көрнекілігі
Сабақ тақырыбы
Ана тілі пәні. Ө. Тұрманжановтың «Малсақ бала» өлеңі.
Сабақ түрі
Сайыс сабақ
Сабақ әдісі
Проблемалық сұрақ қою
Көрнекілігі
Ө. Тұрманжанов портреті, тірек-сызба, буклет құрастыру
Сабақ мақсаттары
Білімділік
- Өлеңді оқып, мазмұнын түсіну.
- Қатесіз, дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.
- Жүйелі түрде өз сөзімен әңгімелеп айтуға үйрету.
Дамытушылық
- Толық жауап беруге дағдыландыру.
- Өз ойын әдеби тілмен еркін жеткізе білуге үйрету.
- Байланыстырып сөйлеу мен шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелік
- Көркем шығарманы оқу арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- Әдептілік пен мәдениеттілік құндылықтарын бекіту.
- Жақсы қасиеттерді бойға сіңіруге бағыттау.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа көңіл күй қалыптастыру, оқушыларды топқа біріктіру, мақсат-міндеттерді қысқаша таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру (3 топ)
1-топ
Мәтінді сахналап көрсету: «Ер еңбекте сыналады».
2-топ
Тақырыпқа байланысты ой-пікір айту.
3-топ
Мәтінді рөлге бөліп оқу.
3) «Бір айналым» ойыны
Ж. Жұмаханов туралы қысқаша әңгімелеу: оқушылар бір-бірінің жауабын толықтырып, деректерді жүйелейді.
4) Үй тапсырмасын бағалау
Топтық жұмыс, сөйлеу мәнері, дәлелді жауап және шығармашылық элементтері негізінде бағалау жүргізіледі.
5) Жаңа сабаққа кіріспе (әңгіме)
Талқылау сұрағы: Ауыл жылы аясында қандай игі істер атқарылды? (газ жүргізілді, телефон жүйесі іске қосылды, шаруа қожалықтары құрылды)
Талқылау сұрағы: Ауылда қандай еңбек түрлері орындалады?
6) Буклетпен жұмыс: бақташы еңбегі
Буклеттегі суреттер арқылы бақташының еңбегі, жауапкершілігі және ауыл өміріндегі орны туралы әңгіме өрбиді.
7) Автор туралы: Ө. Тұрманжанов
Өтебай Тұрманжанов (1905) — Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Жалғызағаш ауылында дүниеге келген ақын, аудармашы. Лев Толстойдың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Сәкен Сейфуллинмен бірлесіп әдебиет оқулығы мен хрестоматия жазған. Ақын өлеңдері балаларды оқуға, білімге, әдептілікке, мәдениеттілікке және сауаттылыққа үндейді.
8) Шығармамен таныстыру
Оқушыларға өтілетін шығарманың атауы мен қысқаша мазмұны ұсынылады. Түсіндіруде сюжеттік сурет және баяндау әдісі қолданылады.
9) Оқулықпен жұмыс
- Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
- Іштей оқу.
- Дауыстап, жалғастырып оқу.
Сұрақтар
Өлең кім туралы?
Бала қандай?
Осы қасиеттеріне қоса тағы қандай қырларын байқадық?
Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалып, ортақ тұжырым жасалады.
10) Сөздік жұмысы
Тіркестердің мағынасы түсіндіріледі, сөйлем құралады, дәптерге жазылады:
- жүн
- жүнбалақ
- жүні үрпию
- жүндей жұмсақ
- жүйкесі жүн
11) Ойын: «Ауылға қандай көмек керек?»
Ауыл мен қаланы салыстыру арқылы қажеттіліктерді анықтау. Оқушылар ауыл туралы қысқаша әңгімелеп, қандай нысандар қажет екенін айтады (монша, мәдениет үйі, жол).
Ауыл
- Жататын үйлер
- Мәдени ошақтар аз
- Шаруа қожалықтары
Ұқсастығы
Екеуі де елді мекен.
Қала
- Биік үйлер
- Түзу, жарық көшелер
- Гүлзарлар, парктер
- Мәдени ошақтар көп
Облыс әкімшілігі осы нысандардың құрылысын бастауға ниетті. Егер оқушылар ұсынылған тапсырмаларды орындай алса, жоспарланған жұмыстардың жүзеге асуына үлес қосады.
1-топ: Монша салу
Ризуановтың жеке қожалығында өндірілетін бұйымдарды кірістіріп, есеп құрастыру: есік, терезе, босаға қалыптары.
2-топ: Мәдениет үйі
Құрастыру (жобалау) жұмысын орындау және «жеті қазынаның бірі» — итті сипаттау: ит үй мен малды күзетеді, адамның сенімді серігі, аң аулауда көмектеседі.
3-топ: Жол салу
Тірек-сызба бойынша сөйлеу: ДЕНСАУЛЫҚ → ЕҢБЕК → БАЙЛЫҚ.
Проблемалық сұрақ
Екі шаруашылық жүн сатумен айналысады: біріншісі — арзан, екіншісі — қымбат баға қояды. Неліктен? Қарсы мекеме қандай жұмыс жүргізуі керек? Қайсысының жүнін алған дұрыс?
Баға мысалы
50 × 2 = 100 т
Арзан жүннің құнын екі еселеп, қымбат жүнмен салыстыру.
Сапа айырмашылығы
- Тазартылмаған, жуылмаған жүн.
- Түтілген, тазартылған, жуылған жүн.
Оқушылардың әртүрлі ой-пікірлері тыңдалып, дәлелдері салыстырылады.
Қорытындылау
Өлең кім туралы? Баланы неге «малсақ» дейміз?
Өлеңде ит туралы не делінген?
Халқымыз қой малын қалай дәріптеген? Қойды сипатта: жүні — киім, сүті — шипа, еті — тамақ, терісі — тон және аяқ киімге жарайды.
Тапсырма
Қой малының өсу ретіне қарай сөздерді орналастыр: Қозы → Марқа → Тоқты → Тұсақ → Қой
12) Бағалау
Сабақ бойындағы белсенділік, оқу техникасы, мазмұнды түсіну және топтық жұмыс нәтижесі бойынша бағаланады.
13) Үй тапсырмасы
- Өлеңді қара сөзбен әңгімелеу.
- Жаңа сөздерді жаттау.