Сөз құрамын зерттейтін сала

«Жыл оқушысы – 2013»

Сайыстың мақсаты

Оқушылардың білімін саралау, пәндерге деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті мен ойлау қабілетін одан әрі дамыту.

Сайыс кезеңдері

  1. 1 Іріктеу
  2. 2 Бәйге
  3. 3 Дода
  4. 4 Жорға

Қатысушылар

Сайысқа 9, 10, 11-сынып оқушылары қатысады.

Әділқазылар алқасы

  • Саймағанбетова Нұрсұлу — география пәнінің мұғалімі
  • Сисенова Дина — биология пәнінің мұғалімі
  • Бахытова Рысжан — математика пәнінің мұғалімі

Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра, шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең.

— Жыр шумағы

І кезең — Іріктеу

Тест сұрақтары

Бұл кезеңде қатысушылардың жалпы білім деңгейі мен жылдам ойлау дағдысы тексеріледі.

  1. 1) Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

    • A) Ұзындығы мен енін қосамыз
    • Ә) Ұзындығы мен енін көбейтеміз
    • Б) Ұзындығы мен енін бөлеміз
  2. 2) Елтаңбаның авторлары кімдер?

    • A) Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков
    • Ә) Нәжімеденов, Мәлібеков
    • Б) Ш. Уәлиханов, Нәжімеденов
  3. 3) Қазақстанда «Қызыл кітап» қашан шықты?

    • A) 1975
    • Ә) 1978
    • Б) 1977
  4. 4) Түйенің пірі?

    • A) Зеңгі баба
    • Ә) Ойсылқара
    • Б) Шопан ата
  5. 5) «Шыңғыснама» еңбегінің авторы кім?

    • A) Өтеміс қажы
    • Ә) Бұқар жырау
    • Б) Әмір Темір
  6. 6) Бокстан Олимпиада чемпионы болған тұңғыш қазақ кім?

    • A) Бекзат Саттарханов
    • Ә) Жақсылық Үшкемпіров
    • Б) Дәулет Тұрлыханов
  7. 7) Шешендік өнер туралы ғылым:

    • A) Этимология
    • Ә) Риторика
    • Б) Геральдика
  8. 8) Белгілі бір ғылым саласына ғана қатысты сөздер қалай аталады?

    • A) Кәсіби сөздер
    • Ә) Диалект сөздер
    • Б) Кірме сөздер
  9. 9) Күн жүйесіндегі алып планета — Юпитердің қазақша атауы:

    • A) Есекқырған
    • Ә) Темірқазық
    • Б) Жетіқарақшы
  10. 10) ҚР ұлттық валютасы теңге қай күні, қай айда айналымға енгізілді?

    • A) 14 қараша 1992 ж.
    • Ә) 15 қараша 1993 ж.
    • Б) 5 қараша 1995 ж.
  11. 11) Астанамыз 10 жасқа қашан толды?

    • A) 2008 жыл
    • Ә) 2006 жыл
    • Б) 2009 жыл
  12. 12) Әлемдегі алтын қоры бойынша Қазақстан нешінші орында?

    • A) 8
    • Ә) 12
    • Б) 9
  13. 13) «Қонақ ғайып, несібе ғайып, ______ ғайып»

    • A) Бақыт
    • Ә) Ажал
    • Б) Өмір
  14. 14) Әлемдегі ең ұзын жаяу көпір Қазақстанның қай қаласында?

    • A) Атырау
    • Ә) Астана
    • Б) Алматы
  15. 15) «Көзді ашып-жұмғанша» тұрақты сөз тіркесінің мәні:

    • A) Жылдам
    • Ә) Баяу
    • Б) Кербез

    Ескерту: ұпай саны ең аз 5 оқушы ойыннан шығарылады.

ІІ кезең — Бәйге

Пәндер бойынша сұрақтар

Бұл кезеңде пәндік білім, анықтама мен ұғымдарды нақты айту, есеп шығару және логикалық ойлау бағаланады.

  1. 1) Орфография және орфоэпия дегеніміз не?
  2. 2) Сөз құрамын зерттейтін сала қалай аталады?
  3. 3) Сан есімнің мағыналық түрлерін атаңыз.
  4. 4) Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
  5. 5) Дыбыстың жазба таңбасы қалай аталады?
  6. 6) Эпифора дегеніміз не?
  7. 7) «Көшпенділер» тарихи трилогиясының авторы кім?
  8. 8) Абайдың қай қара сөзінде берілген үзінді келтірілген?
  9. 9) Бөкей хандығы (Ішкі Орда) аумағында дүниеге келген тарихи тұлға кім?
  10. 10) Поэма дегеніміз не?
  11. 11) 5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минутта ұстайды?
  12. 12) Қабырғалары 10, 15, 7 болатын үшбұрыштың периметрін табыңыз.
  13. 13) Қабырғалары 10, 15, 7 болатын үшбұрыштың периметрін табыңыз. (қайталау)
  14. 14) Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем қалай аталады?
  15. 15) Геометрияның жазықтықтағы заңдылықтарды зерттейтін бөлімі?
  16. 16) Сумен әрекеттесетін металдарды атаңыз.
  17. 17) Асыл металдарға қандай металдар жатады?
  18. 18) Атомның басқа атомдарды өзіне қосып алу қасиеті қалай аталады?
  19. 19) Атом ядросында электр заряды жоқ бөлшек қалай аталады?
  20. 20) Д. И. Менделеев химия тарихында қандай еңбегімен белгілі?
  21. 21) Ресейдегі Ақпан төңкерісі қай жылы болды?
  22. 22) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтары Қазақстанның қай аймақтарында болды?
  23. 23) Торғайдағы көтерілістің басшысы (бас сардар) кім болды?
  24. 24) «Дарабоз» атанған батыр кім?
  25. 25) Боралдай асуында дарға асылған Жетісу көтерілісінің басшысы кім?
  26. 26) Атом құрылысын зерттеген ғалымды атаңыз.
  27. 27) Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?
  28. 28) Цельсий шкаласы бойынша абсолют нөл температура қанша?
  29. 29) Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді?
  30. 30) Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді? (қайталау)
  31. 31) Қазақстанның қай қаласында толық циклді комбинат орналасқан?
  32. 32) Ірі қаланың маңына елді мекендердің шоғырлануы қалай аталады?
  33. 33) Мұхит суының тұздылығы қандай өлшем бірлікпен көрсетіледі?
  34. 34) Ең терең көл қайсы?
  35. 35) «Тұманды Альбион елі» атауы қай мемлекетке қатысты айтылады?
  36. 36) Дальтонизм дегеніміз не?
  37. 37) Қанды жүрекке апаратын тамыр қалай аталады?
  38. 38) Тірі ағзалар қандай жолдармен көбейеді?
  39. 39) «Динозаврлар дәуірі» деп есептелетін заман қалай аталады?
  40. 40) Жасушаны зерттейтін биология саласы қалай аталады?

Ескерту: ұпай саны ең аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.

ІІІ кезең — Дода

Ұпайлық таңдаулар: 20 / 30 / 40

Қатысушылар тақырыптар бойынша сұрақ таңдап, ұпай жинайды: Ғылым, Қоғам, Спорт.

Ғылым

  • 20 ұпай

    Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым саласының таңбасы?

  • 30 ұпай

    Оптика, акустика, динамика, механика, кинематика, магнетизм, гидравлика — бұл салалар мектепте қай пәнге қатысты?

  • 40 ұпай

    Тірі ағзаның қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін биология саласы қалай аталады?

Қоғам

  • 20 ұпай

    Халықтың саяси өмірге немқұрайлы қарауы, азаматтық міндеттерін атқарудан бас тартуы немесе сайлауға қатыспаушылық қалай аталады?

  • 30 ұпай

    Басқа елдердің жерін тартып алу, күшпен бағындыру, қарулы шабуыл жасау қалай аталады?

  • 40 ұпай

    Тыйым салу: заң шығарушы органның қаулы-қарарын тоқтату немесе заңның күшін уақытша тоқтату қалай аталады?

Спорт

  • 20 ұпай

    Қазақша күресте екі палуанның бірін-бірі жеңе алмай қатар жығылуы қалай аталады?

  • 30 ұпай

    Футбол ойынына бір командадан қанша ойыншы қатысады?

  • 40 ұпай

    ХІХ жазғы Олимпиада ойындары қай жылы және қай елде өтті?

Ескерту: ұпай саны ең аз 1 оқушы ойыннан шығарылады.

IV кезең — Жорға

Шешендік сайысы

Шешендік — сөз өнерінің шыңы. Бұл кезеңде қатысушылар ойды жүйелі жеткізу, дәлелдеу және әсерлі сөйлеу шеберлігін көрсетеді.

1) Компьютердің адамға әсері

Ақпараттық технологияның пайдасы мен ықтимал зиянын таразылау, мәдени қолдану туралы ойтолғау.

2) Табиғат адамға өкпелі ме?

Экология, жауапкершілік және адам мен табиғат байланысы туралы пайымдау.

3) Тілім — ғасырлардан аманат

Тілдің құндылығы, ұлттық болмыс және ұрпақ сабақтастығы жайлы ой.

Қорытынды

Сайыстың қорытындысын шығару үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.