Қаса сөзінің мағынасы

Сабақ туралы жалпы ақпарат

Сабақ тақырыбы

Абай Құнанбаев: «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, тест тапсырмалары және қосымша жұмыстар

Көрнекіліктер

  • Суреттер (құсбегі, «жеті қазына» тақырыбы бойынша)
  • Иллюстрациялық материалдар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға өлеңнің мазмұны мен мағынасын терең меңгерту. Қазақ халқының саятшылық дәстүрі туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік

Эстетикалық тәрбие беру, құсбегілік өнерге қызығушылық пен құрмет қалыптастыру.

Дамытушылық

Сөйлеу және тыңдау мәдениетін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасымен жұмыс

  • М. Өтемісұлы туралы мәлімет айту.
  • «Тарланым» өлеңін жатқа айту.

III. Жаңа сабақ

  • Абай Құнанбаев туралы топтастыру (кластер құру).
  • Оқулықпен жұмыс: өлең мазмұнын талдау, көркемдік ерекшеліктерін байқау.

Аң аулау дәстүрлері (саятшылық)

Қазақ дәстүріндегі аңшылыққа қатысты ұғымдар мен рөлдер:

Аңкөс
Аң мен аңшы арасындағы аңдысу мен із кесуді жетік білетін адам.
Салбурын
Аңға топтасып шығатын сапар; олжалы болған аңшылар қазан көтеріп, қуырдақ жеп, сорпа ішетін дәстүр.
Бүркітші
Бүркіт ұстап, оны баптап, аңға салатын адам.
Қағушы
Тығылып жатқан аңды үркітіп, аңшыларға қарай айдайтын адам.
Құсбегі
Қыран құстарды түріне, тобына қарай ажырата білетін, баптау өнерін меңгерген адам.

Сөздікпен жұмыс

Қансонарда

Жаңа жауған қардың үстіндегі аң ізі (қансонардағы із).

Ғанибет

Қызық, тамаша.

Қаса

Айрықша сұлу, ерекше көркем деген мағына.

Үйірімен үш тоғыз

Мәтел ретінде айтылатын тіркес; «олжалы бола берейік» деген тілек-мағына береді.

Жаңа сабақты бекіту: тест

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. 1) А. Құнанбаев қай жылы дүниеге келді?

    • а) 1845–1904
    • ә) 1844–1900
    • б) 1846–1907
    • в) 1847–1905
  2. 2) «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі қай жылы жазылған?

    • а) 1896 ж.
    • ә) 1870 ж.
    • б) 1895 ж.
    • в) 1897 ж.
  3. 3) Бүркітті ұстап, баптап, аңға сала білетін адам қалай аталады?

    • а) аңкөс
    • ә) құсбегі
    • б) бүркітші
    • в) жембасар
  4. 4) Тығылып жатқан аңды үркітетін адам қалай аталады?

    • а) бүркітші
    • ә) қағушы
    • б) аңкөс
    • в) салбурын
  5. 5) Топтасып аңға шығып, олжасын қазанға салып қуырдақ жеп, сорпа ішетін дәстүр қалай аталады?

    • а) қағушы
    • ә) құсбегі
    • б) салбурын
    • в) бүркітші

Сөзжұмбақ: «Қансонар»

Сөзжұмбақты шешуге арналған сұрақтар:

  1. 1) Бүркіт не?
  2. 2) «Қансонарда» өлеңінің авторы кім?
  3. 3) «Қызық, тамаша» мағынасын ақын қандай сөзбен берген?
  4. 4) «Қаса» сөзінің мағынасы қандай?
  5. 5) Бүркіттің көзін жауып тұратын бас киім қалай аталады?
  6. 6) «Шалғы» ненің атауы?
  7. 7) Қазақтың құс салып, аң аулау дәстүрі қалай аталады?
  8. 8) Қазіргі таңда құсбегілер мектебі қай жерде бар?

Қорытынды бөлім

Оқушы білімін бағалау

Оқушылардың жауаптары мен жұмыс нәтижелері бойынша бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Өлеңнен ұнаған үзіндіні жаттау.