Отбасы мүшелерінің мамандықтары

Сабақтың тақырыбы

Отбасы мүшелерінің мамандықтары. Өткен грамматикалық тақырыптарды пысықтау.

Білімділік

Оқушылардың сөздік қорын молайту, сөз тіркестерін құрастыру, суретпен жұмыс істеуге үйрету; өткен грамматикалық тақырыптарды пысықтау.

Дамытушылық

Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ауызша сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Отбасын сүюге және құрметтеуге баулу.

Сабақтың әдістері мен көрнекіліктері

Әдістер

  • Сұрақ–жауап
  • Көрнекілік
  • Талдау
  • Мәтінмен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Мамандықтар мен отбасы мүшелерінің суреттері
  • Айна
  • Әріптер (А4 форматында)
  • Кеспелер

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

«Сұраққа белгілі әріппен жауап бер» тапсырмасы (Ж әрпі).

  • Сенің атың кім?
  • Фамилияң кім?
  • Қал қалай?
  • Бүгін неше сабақ?
  • Бүгін аптаның қай күні?

2) Жаңа сабақ

Фотожұмбақ арқылы тақырыпты ашу

  • Мынау кімнің қолы?
  • Егінші, дәрігер, суретші — оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
  • Сабақ мақсаты: отбасы мүшелерінің мамандықтары туралы айта білу.

Қате сөздерді түзету

Тақтадағы қате жазылған сөздерді дұрыс оқып, дұрыс жазылуын және емле ережесін түсіндіру.

Сөздік

мамандық етікші ғарышкер сатушы мұғалім

Тақырыптық байланыс: үндестік заңы.

Фонетикалық жаттығу: «ғ» дыбысы

Мысал сөздер: ғарышкер, мұғалім.

Айна арқылы «ғ» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.

Түсіндірме (орыс тілінде): «ғ» произносится твёрдо, образуется путём приближения задней части языка к заднему нёбу, но не смыкается.

Сұрақ: отбасы мүшелерінің атауларында «ғ» дыбысы бар сөз қайсы?

Оқулықпен жұмыс (19-бет, 1-тапсырма)

Сурет бойынша сұрақтар

  • Суретте кімдер бар? (ана, ата, әке, әже, әпке, аға т.б.)
  • Әке, ана сөздерін бір сөзбен қалай атаймыз? (отбасы мүшелері)
  • «Отбасы» сөзінің синонимі қандай? (жанұя)

Фонетика: дыбыс, буын, екпін

  • «Жанұя» сөзіндегі Ж қандай дыбыс? А қандай дыбыс? (әріптерді А4 форматында көрсету)
  • Бірінші буын қайсы? Неге?
  • Екпін қай буынға түседі? Неге?

Мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ

  • Шеше туралы жаңылтпаш айту.
  • Ата-ана туралы мақал-мәтел айту.

Сурет бойынша мәтін құрастыру

Үлгі мәтін: «Отбасы мүшелерінің мамандықтары»

Мамандық көп. Олар: дәрігер, жүргізуші, тігінші. Менің әкем — инженер. Менің атам — етікші. Әжем — зейнеткер, қазір жұмыс істемейді. Ағам ғарышкер болғысы келеді.

Грамматикаға бағытталған сұрақтар

  • Ана, әке, ата, әже, әпке, аға сөздері қандай сұраққа жауап береді?
  • Олар қай сөз табына жатады? (зат есім)

Талдау үлгісі

аға — кім? (сұрақ)
зат есім, жанды, жалпы.

Рифма құрастыру: «отбасы мүшесі + мамандық»

Қазақ тілінде мамандық атаулары көбіне жұрнақтар арқылы жасалады: -гер/-кер, -шы/-ші.

Бекіту тапсырмалары (деңгей бойынша)

Қарапайым деңгей (A1)

Сұрақтарға жауап бер:

  • Мәтінде қандай мамандықтар бар?
  • Ата кім болып жұмыс істейді?
  • Аға кім болып жұмыс істейді?

Негізгі деңгей (A2)

Қазақ тіліне аудар:

  • Мой дедушка — сапожник.
  • Моя мама — учительница.
  • Моя сестра — не работает.
  • Мой дядя — космонавт.
  • Моя бабушка — пенсионер.

Орта деңгей (B1)

Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жаз: буын үндестігіне бағынатын және үндестік заңына бағынбайтын сөздер.

Сөздер: дәрігер, жүргізуші, мұғалім, инженер, етікші, сатушы, ғарышкер.

Буын үндестігі

Оқушы толтырады

Үндестік заңына бағынбайтын

Оқушы толтырады

Ортадан жоғары деңгей (B2)

«Қарлы кесек» ойыны арқылы мәтінді мазмұндау.

Қорытынды сұрақтар

  • Мәтінде қандай мамандықтар бар?
  • Ата кім болып жұмыс істейді?
  • Аға кім болып жұмыс істейді?

Қайталау (A2 сөйлемдері)

  • Мой дедушка — сапожник.
  • Моя мама — учительница.
  • Моя сестра — не работает.
  • Мой дядя — космонавт.
  • Моя бабушка — пенсионер.

Ойын: «Өз маманыңды тап»

Әрекетке қарап мамандықты анықта:

стрижет торгует водит поет танцует шьет варит учит строит пашет

Үй жұмысы

19-бет, 1-тапсырма (деңгей бойынша):

A1

Сурет бойынша сұрақтар құрастыру.

A2

Диалог құрастыру.

B1

Әр суретке 2 сын есім жазу.

B2

Суреттегі бір мамандық туралы қосымша мәлімет жазу.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы, ауызша жауаптарының дәлдігі мен белсенділігі бойынша бағаланады.