Палеолит тобына сұрақ
Қазақстан тарихы • 6-сынып (6а, 6б, 6в)
Тас дәуірі бойынша білімді жинақтау сабағы (жарыс форматында)
Бұл сабақ оқушылардың тас дәуірі тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеуге, қорытындылауға және білім деңгейін анықтауға бағытталған. Сонымен қатар логикалық ойлауды, оқиғаларды талдап оқып-үйренуді және есте сақтау қабілетін дамыту көзделеді.
Сабақтың мақсаты
- Тас дәуірі тарауы бойынша білімді жинақтау және қорытындылау.
- Оқушылардың білім деңгейін анықтау.
- Логикалық ойлау, талдау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі
Жарыс сабақ (топтық сайыс).
Әдіс-тәсілдер
- Топпен жарыс
- Сұрақ-жауап
- Танымдық ойын
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Сабаққа дайындықты тексеру.
- Оқушыларды түгендеу.
II. Жаңа сабақ (сайыс кезеңдері)
Оқушылар үш топқа бөлінеді, әділқазылар тағайындалады:
- 1-топ: Палеолит
- 2-топ: Мезолит
- 3-топ: Неолит
1-кезең
«Сенемін – сенбеймін»
Шарты: әр топқа кезекпен 4 сұрақтан қойылады (барлығы 12 сұрақ). Бірінші топ жауап бермесе, келесі топ жауап бере алады. Әр дұрыс жауап 2 ұпай.
Палеолит тобы
-
Тарих — адамзаттың басынан өткен оқиғаларды зерттейтін ғылым. «Тарих» сөзі араб тілінен аударғанда «зерттеу», «оқиғалар туралы әңгіме» деген мағынаны білдіреді.
Жауап: сенемін
-
Микролит — қола құралдар өндіріске енген кезең.
Жауап: сенбеймін
-
Бифас — екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал.
Жауап: сенемін
-
Мамонт — палеолит дәуірінде Еуропа, Азия, Африка және Солтүстік Америкада кең таралған, мұз басу кезінде жойылып кеткен, салмағы 5 тоннаға дейін жететін алып піл.
Жауап: сенемін
Мезолит тобы
-
Тұрақ — тас дәуіріндегі адамдар мекендеген орын. Тұрақтар үңгірдегі және ашық (аспан астындағы) болып екіге бөлінеді. Үңгір тұрақтарын адамдар бірнеше күннен мыңдаған жылдарға дейін мекендеген.
Жауап: сенемін
-
Мұз дәуірі — б.з.б. 100–13 мыңжылдықтар аралығында, орта палеолит пен мезолиттің арасында Жер бетін ұзақ уақыт мұз басқан кезең.
Жауап: сенемін
-
Терімшілік — жинау, теру. Алғашқы адамдар ағаш-бұтадағы жеміс-жидектерді теріп, жеуге жарамды тамырларды қазып алып, құс жұмыртқасын жинап қорек еткен.
Жауап: сенемін
-
Этнография — әр түрлі қауымдық топтардың негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.
Жауап: сенбеймін
Неолит тобы
-
Археология — заттай деректер арқылы адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым. «Археология» атауы грек тіліндегі архео — «көне», логос — «ілім/зерттеу» сөздерінен шыққан.
Жауап: сенемін
-
Синантроп — ақыл-ой қабілеті мен дене құрылысы бойынша алғашқы жаратылысынан әлдеқайда жетілген адам.
Жауап: сенбеймін
-
Ретушь — ағаш сапқа орнатылған, үш ашалы сүйектен және темірден жасалған ұштығы бар балық аулайтын құрал.
Жауап: сенбеймін
-
Питекантроп — б.з.б. 1 млн жыл бұрын өмір сүріп, тік жүруді меңгерген ерте палеолит адамы. Алғашқы питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралынан табылған. Миының көлемі — 950 см³.
Жауап: сенемін
2-кезең
«Жұмбақ жылдар»
Шарты: берілген жылдармен байланысты тарихи оқиғаны атау. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
Палеолит тобы
- Б.з.б. 2,6 млн – 40 мың жыл: ерте палеолит кезеңі.
- Б.з.б. 140–132 мың жыл бұрын: Шығыс Қазақстандағы Қанай қонысынан табылған тас құралдардың пайдаланылған уақыты.
- Б.з.б. 3000–1800 жыл: энеолит кезеңі.
- Б.з.б. 3–2 мыңжылдық: Ботай тұрағының мерзімі.
Мезолит тобы
- Б.з.б. 2,6 млн – 800 мыңжылдық: олдувай кезеңі.
- Б.з.б. 40–12 мыңжылдық: кейінгі палеолит кезеңі.
- Б.з.б. 30–25 мыңжылдық: Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағының уақыты.
- Б.з.б. 12–5 мыңжылдық: мезолит кезеңі.
Неолит тобы
- Б.з.б. 5–3 мыңжылдық: неолит кезеңі.
- Б.з.б. 40–30 мыңжылдық: саналы адамның (Homo sapiens) қалыптасуы.
- Б.з.б. 100–13 мыңжылдық: мұз дәуірі кезеңі.
- 1856 жыл: неандерталь адамы табылды.
3-кезең
«Сен маған – мен саған»
Шарты: үш топ бір-біріне 3 сұрақтан қояды. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4-кезең
«Ежелгі адамдар елінде»
Шарты: топқа түскен ежелгі адам түрі туралы толық мәлімет беру. Дұрыс әрі толық жауап 3 ұпай.
Палеолит тобы: Кроманьон
Кроманьон — адамның эволюциялық дамуында неандертальдан кейін қалыптасқан, қазіргі адамға ұқсас саналы адам. Бұл адамның қаңқасы 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан «кроманьондық» деп аталады. Ми көлемі — 1500–1800 см³, бойы — 1,68–1,94 м, уақыты — б.з.б. 40 мыңжылдық.
Мезолит тобы: Неандерталь
Неандерталь — 1856 жылы Германиядағы Неандерталь жотасынан қазып алынған орта палеолит кезеңінің адамы. Табылған жерінің атауына байланысты «неандерталь адамы» деп аталған.
Неолит тобы: Синантроп
Синантроп — ерте палеолитте өмір сүрген тік жүретін адамның екінші түрі. Алғаш рет 1927 жылы Қытайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірінен қазып алынған. Ми көлемі — 1075 см³, уақыты — б.з.б. 1 млн жыл. Кейде «Қытай адамы» деп те аталады.
5-кезең
«Сандар сөйлейді»
Шарты: жылдар мен көрсеткіштер айтылады, мағынасын табу қажет. Әр дұрыс жауап 2 ұпай.
Палеолит тобы
- 1 млн 750 мың: епті адам.
- Б.з.б. 2,6 млн – 40 мыңжылдық: ерте палеолит.
- Б.з.б. 140–40 мыңжылдық: мустье кезеңі.
- Б.з.б. 100–35 мыңжылдық: неандерталь адамы.
Мезолит тобы
- 1–2 см: микролит.
- 1938 жыл: Тесіктас үңгірі (неандерталь баласы).
- Б.з.б. 10 мыңжылдық бұрын: егіншілік пайда болды.
- Б.з.б. 5–3 мыңжылдық: неолит кезеңі.
Неолит тобы
- Б.з.б. 800–140 мыңжылдық: ашель кезеңі.
- 7 м: мустье кезеңіндегі Ш. Уәлиханов тұрағының мәдени қабатының қалыңдығы.
- 150 тұрақ: неолит кезеңінде Жезқазған өңірінен табылған тұрақтар саны.
- 15 гектар, 158 тұрғын үй: Ботай тұрағының аумағы және тұрғын үй саны.
III. Қорытындылау
Ұпайлар саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.
IV. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне сәйкес бағалау жүргізіледі.
V. Үй тапсырмасы
- Тарауды толық қайталау.
- Кескін картаны толтыру.