Физика пәні мұғалімі
Күтілетін нәтиже
CLIL әдісі арқылы үштілділікті сабақ мазмұнына кіріктіру, оқушылардың пәндік тілдік құзыреттілігін арттыру және тәжірибе арқылы түсінігін тереңдету.
Сабақ тақырыбы
Диффузия (7-сынып)
Мақсаты
Оқушыларға диффузия құбылысы туралы мағлұмат беру, оны тәжірибе арқылы бақылау және үш тілде сипаттап айтуға бағыттау.
Әдіс-тәсіл
CLIL (Content and Language Integrated Learning): мазмұн + тіл + тәжірибе + ынтымақтастық.
Сабақ құрылымы
I. Ұйымдастыру
3 минут1) Сәлемдесу
Физика пәні мұғалімі: “Good morning, dear pupils! How are you?”
2) Топқа бөлу
Оқушылар қиынды қағаздар арқылы топтарға бөлінеді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
5 минутҮй тапсырмасы сұрақтар арқылы тексеріледі:
- Заттың ең кіші бөлшегі не?
- Заттың неше күйі бар?
- Үш түрлі күйде кездесетін затты ата.
III. Топтық жұмыс (оқулық мәтінімен жұмыс)
10 минутСабақ тақырыбын ашу үшін электрондық оқулықтағы эксперименттік тапсырма арқылы ой қозғау сұрағы қойылады:
“Молекулаларына байланысты не айтуға болады?”
IV. Сергіту
2 минутҚысқа сергіту сәті арқылы оқушылардың назарын шоғырландыру және қозғалыс белсенділігін арттыру.
V. Жұптық жұмыс: эксперименттік тапсырма
10 минутОқушылар екі топқа бөлініп, орындарынан тұрып қозғалып, бір-бірімен араласады. Мұғалім үстел үстіне мына заттарды қояды:
- қызанақ
- қияр
- тұз
- салқын су
- жылы су
- сұйық май
- сүт
Тапсырма: ұсынылған заттардың ішінен екі затты таңдап, араластырып көріңіз. Эксперимент барысын және нәтижесін үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) қысқаша әңгімелеп беріңіз.
I топқа сұрақ
Қандай құбылысты байқадыңыз?
II топқа сұрақ
Не байқадыңыз?
III топқа үлгі тапсырма
Екі стақан алыңыз: біреуіне салқын су, екіншісіне ыстық су құйыңыз. Екі стаканға да қант (немесе тұз) салып, нәтижені бақылаңыз. Байқағаныңызды түсіндіріңіз.
Негізгі екпін
Оқушылар диффузияны бақылау, сипаттау және түсіндіру арқылы теорияны тәжірибемен байланыстырады.
Автор туралы мәлімет
- Білім беру ұйымы
- “Бейнеу гимназиясы” КММ
- Пән мұғалімі
- Жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Максымбаева Шолпан Жаңбырхановна