Мемлекетіміздің аты

Тәрбие сағатының бағыт-бағдары

Мақсаты

  • Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, қуатты тұлға екенін таныту.
  • Еліміздің еңсесін тіктеп, мемлекетімізді нығайтуға үлес қосқан көшбасшының кісілік келбетін ұғындыру.
  • Елін сүйген, елі сүйген тұлғадан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Елбасы суреттері
  • Сөзжұмбақ
  • Кәдесыйлықтар
  • Әнұран және өзге материалдар

Түрі

Тәрбие сағаты

Бастау

Әнұран — орындау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың бар екенін көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес.

Нақыл ой

«Мен үшін елімді дамыған елдердің қатарына қосу — ең үлкен мақсат. Қазақтың ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау — Президенттік те, перзенттік парызым».

Мемлекет басқару — машақаты да, мәртебесі де зор міндет. Басшысы берекелі елдің ырысы артып, халқының еңсесі көтеріледі. Бүгін біз тәуелсіздігімізді алдық — демек, біз бақытты елміз.

Елбасының «Қазақстан–2030» стратегиясы аясында көптеген игі істер атқарылып, қалаларымыз көркейіп келеді.

Музыкалық үзіліс

Ән

«Елім менің»

Сөзжұмбақ және сұрақ-жауап

Сөзжұмбақ

Тақырыбы: «Тәуелсіздік»

Мұғалімнің сұрақтары

  1. 1Мемлекетіміздің аты қандай?
  2. 2Елбасының әкесінің аты кім?

Тапсырма

Енді балалар, үйден жаттап келген тақпақтарыңды мәнерлеп айтып беріңдер.

Оқушылардың өлең жолдары

Альфира

Тәуелсіздік — рухы күшті ғажап күн, Артта қалды бодан болған азап күн. Елім, жерім, қазағым деп тебіренем, Өйткені мен — тәуелсізбін, азатпын.

Зухра

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың, Гүлге оранды ауылың мен аймағың. Нұрсұлтаның биіктерге бастады, Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Еркежан

Нұрсұлтанды тудырған заманалар, Желтоқсан желі — ұл мен қыз. Ажал құшқан сондағы… Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы, Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.

Архат

Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы, Дара шыңы қазақтың — дана халық. Топырағы ол туған жердің киелі.

Р. Ділназ

Тұратын болашақтың үні кеп, Тартылар күй, айтылатын жыры көп. Ерекше бір еркіндікке, бауырлар, Басшымыздың бүгін туған күні деп.

Дарын

Әнге толсын барлық қала, ауыл бар, Қағылсын бір барабандар, дабылдар. Елбасының туған күнін ардақтау — Бәріміздің борышымыз, бауырлар.

Дильназ

Ошақтың аяғы үшеу болғанымен — ұлт біреу. Ұлт тағдырын ойлауымыз керек. Ұлттық теңгеміз өз бабында.

Сымбат

Осы бағытпен өркендей берсек, жағдайымыз бұдан да жақсаратынына күмән жоқ. Нұр аға — қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Өз бағымызды бағалай білейік, ағайын.

«Астанаға саяхат» және әсер бөлісу

Мұғалімнің сұрағы

Балалар, Астанадан қандай әсер алдыңдар? (Оқушылардың жауаптары.)

Қорытынды талқылау

Ойлануға арналған сұрақтар

  1. 1Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде қандай үлес қосып жүрсіңдер?
  2. 2Басшы адам қандай болуы керек?

Интерактивті тақтамен жұмыс

Тақырыпты бекіту және ортақ талқылау жүргізіледі.

Тілек және аяқталуы

Мұғалімнің тілегі

Нұр аға! Далаңыз егісті, ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын.

Осы тілекпен тәрбие сағатымыз аяқталады. Бүгінгі тәрбие сағатына қатысқандарыңа ризамын.

Қорытынды ән

Хор

«Елім менің»