Біздің топта балалар
Жаңа жыл ертеңгілігі: сиқыр, достық және көңілді ойындар
Ортада әсем безендірілген шырша жарқырап тұр. Балалар жаңа жылдық мерекені тағатсыздана күтеді. Сағат тықылы естіліп, көңілде қуаныш та, толқу да бар.
Сымбаттың мұңы
Кішкентай Сымбат көңілсіз күйде келіп, айналасына қарап шығады да, шыршаның артына барып, жылап отырады. Анасы оны іздеп кетеді.
Жүргізуші
Сағат соғып жатыр — жаңа жылдың басталуына аз ғана уақыт қалды. Қызым қайда кетті? Сымбат, қайдасың? Жылаған дауыс естілгендей…
Жүргізуші
Сымбат, неге көңілсізсің? Неге жылап отырсың?
Сымбат
Жаңа жыл жақындап қалды, ал менің оны бірге қарсы алатын достарым жоқ…
Жүргізуші
Жылама. Ана әсем шыршаға қарашы — ойыншықтары қандай көп! Естігенім бар: шырша ойыншықтары сиқырлы болады дейді. Кәне, бірге байқап көрейік.
Сиқырлы ойыншық және жаңа достар
Жүргізуші бір ойыншықты ашып көреді. Сол сәтте сиқырлы әуен естіліп, ортаға балалар шығады. Шыршаның айналасы бірден жанданып, көңіл көтеріліп кетеді.
Жүргізуші
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сымбат, қарашы — осы сиқырлы ойыншықтардың арқасында сен көп дос таптың. Достарың қандай әдемі! Бүгін бәріміз жаңа жылды көңілді қарсы аламыз. Келісесіңдер ме?
Балалар
Иә!
Ән:
«Аппақ-аппақ»
Том мен Джеридің татуласуы
Ортаға бір-бірін қуған Том мен Джери кіріп келеді. Әдеттегідей, бірі қашып, бірі қуып жүр.
Джери
Қап, бәлем! Сенің маған істемегенің жоқ. Қазір ұстаймын!
Жүргізуші
Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Тағы не болды? Қашанғы бір-біріңді қуып жүресіңдер? Біз балалармен бірге жаңа жылды тойлаймыз. Сендер де бірге болыңдар. Достасатын кез келді.
Достық туралы тақпақтар
1-бала
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әріміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
2-бала
Біздің топта балалар
Тату-тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
Том мен Джери бір-бірінің қолын алып, құшақтасып татуласады.
Том
Ойнайық! Мен келісемін. Мен қашқанды жақсы көремін.
Джери
Ал мен қуғанды жақсы көремін.
Ойын
Жүргізуші балаларды екі топқа бөледі: бір қатар — Томның тобы, екінші қатар — Джеридің тобы.
Ойын атауы:
«Аққала»
Жүргізуші
Екі жақ та бірігіп ойнадыңдар. Достық жеңді!
Том
Жоқ, жоқ, біз жеңдік! Ендеше, би сайысына түсейік!
Джери
Жарыссақ, жарысайық!
Билер:
«Гномдар», «Аққала»
Жүргізуші
Жарайсыңдар! Қандай епті бишісіңдер!
Аяз ата мен Ақшақарды шақыру
Уа, халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойды
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Қызыққа бір тоймаңдар!
Балалар
Аяз атаны, Ақшақарды!
Шақыру:
Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата
Бүлдіршіндер, балғыным,
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілегім жыл бойы —
Сендердің бақтарың мен денсаулықтарың.
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар
Сәлеметсіз бе!
Міне, мен де жеттім! Орман-тоғайды, үскірік аязды кешіп, жолда сендердің хаттарыңды тауып алдым. Сендермен бірге жаңа жылды тойлайын деп асығып келдім.
Ән:
«Сәлеметсіз бе, Аяз ата»
Ал немерем Ақшақарды көрмедіңдер ме?
Балалар
Жоқ, көрмедік.
Ол менен бұрын шыққан еді… Адасып кеткен болар. Кәне, бәріміз дауыстап шақырайық:
Ақшақар! Ақшақар!
Мыстанның айласы
Сол сәтте ортаға Мыстан кемпір келеді. Ол шыршаны көріп, көзін аларта таңырқайды.
Мыстан
Пай-пай! Мен қайда келдім өзі? Мына шыршаның кереметін-ай… Үйге алып кетсем бе екен?
Мыстан шыршаның түбіне еңкейіп, түбірімен жұлып алмақ болады. Балалар тоқтатуға тырысады, бірақ ол мән бермейді.
Балалар
Мыстан кемпір! Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Біздің шыршамызға тимеңіз!
Мыстан маңдай терін сүртіп: «Тамыры қандай терең отырғызылған — жұлынбайды ғой!» — деп қынжылады.
Мыстан
Мынау қандай қызық кілт? Бұл, сірә, мен ұшып келе жатып көрген сандықтың кілті шығар. Ол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді… мүмкін ақша да бар шығар! Шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып, сандықты ашайын. Тамағым тоқ, өзім бай болармын!
Аяз ата
Сен мұнда неғып жүрсің? Немерем қайда?
Мыстан
Немереңді қатырып тастадым! Ха-ха-ха!
Аяз ата
Ой, Мыстан-ай… Жаман әдетіңнен әлі де арылмапсың. Ақшақарсыз жаңа жылды қалай өткіземіз? Айтшы, не қалайсың? Шартың қандай?
Мыстан
Шарт дейсің бе? Менің көңілімді көтеріңдер, сосын ойланып көремін.
Том мен Джери балалармен ақылдасып, тәрбиешіге сыбырлап кеңеседі…
Ақпарат
- Қала: Атырау
- Мекеме: КМҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасы
- Автор/тәрбиеші: Мусабаева Эльмира Сабыргалиевна
- Топ: екінші кіші топ