Ақтөбе облысы

Сабақ тақырыбы

Біздің Отанымыз — Қазақстан.

Мақсаты

Оқушыларға Қазақстан Республикасының құрылуы, географиялық жағдайы, табиғат ерекшеліктері және пайдалы қазбалары туралы түсіндіру; білімдерін жетілдіру. Елін, жерін, салт-дәстүрін құрметтейтін, жаны таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Қазақстан Республикасының физикалық картасы
  • Слайдтар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі және тренинг

Оқушылар төмендегі шумақты мәнерлеп орындайды:

Мен атқан таңды сүйемін,
Шуағын шашқан күнді сүйемін.
Аялаған анамды сүйемін,
Қоршаған бар әлемді сүйемін.

Кіріспе бөлім

Мұғалім: «Қазір тақтада күн бейнесі шығады. Әр сәулесінде жазылған теңеулерді бірге хормен айтамыз».

Сұрақ-жауап

Сұрақ

«Бұл қай мемлекет?»

Жауап

«Бұл — туы көкте желбіреп, шыңдары аспанмен таласқан Қазақстан Республикасы».

Сұрақ

«Сендер қазір мемлекетке қандай үлес қоса аласыңдар?»

Жауап

«Мектепке келіп, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі болу».

Менің Отаным — Қазақстан Республикасы

Бүгінгі сабақта сендер Отанымыз туралы маңызды мәліметтермен танысасыңдар.

Еліміздің тарихынан

Еліміздің тарихы 3 мың жылдан асады. Қазақ халқының негізін ежелгі жауынгер тайпалар құраған.

1969 жылы Алматы облысындағы Есік қаласының маңында жүргізілген қазба жұмыстары бүкіл әлемнің назарын аудартты: қорғаннан 7 метр тереңдікте жас сақ көсемінің сүйегі табылды. Оның тәжінен бастап аяқ киіміне дейін 4000-ға жуық алтын әшекей қадалған.

Сақтар — қазақ тайпаларының ежелгі ата-бабаларының бірі.

Тарихи тұлғалар

  • Тәуке хан (1680–1718) — үш жүздің басын біріктіріп, мемлекетті нығайтуға күш жұмсады.
  • Абылай хан (1711–1780) — қазақ жерін жоңғар шапқыншылығынан азат ету жолында ел басқарды.

Қазақстан туралы негізгі деректер

Орналасуы
Еуразияның орталығы
Аумағы
2 724 000 км²
Халық саны
шамамен 17 млн
Мемлекеттік тіл
қазақ тілі
Ұлтаралық қатынас тілі
орыс тілі (сондай-ақ ағылшын тілі кеңінен қолданылады)

Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Елімізде қазақ халқымен бірге орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер және басқа да ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.

Әкімшілік-аумақтық құрылым

Республикамызда 14 облыс бар:

  1. Батыс Қазақстан облысы
  2. Атырау облысы
  3. Маңғыстау облысы
  4. Ақтөбе облысы
  5. Қостанай облысы
  6. Қызылорда облысы
  7. Солтүстік Қазақстан облысы
  8. Ақмола облысы
  9. Қарағанды облысы
  10. Оңтүстік Қазақстан облысы
  11. Павлодар облысы
  12. Шығыс Қазақстан облысы
  13. Алматы облысы
  14. Жамбыл облысы

Шектесетін мемлекеттер

Қазақстан 5 мемлекетпен шектеседі:

  1. Ресей
  2. Түркіменстан
  3. Өзбекстан
  4. Қырғызстан
  5. Қытай

Мемлекеттік басқару

Басқару формасы бойынша Қазақстан — президенттік республика.

Президент

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Мемлекеттік рәміздер: Елтаңба

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өз туы, елтаңбасы, әнұраны болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол — елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ

Әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы саналатын отбасының мәнін бейнелейді.

Қанатты тұлпар

Мәңгілік өмір, шексіз даму және бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халқымыздың рухани байлығының белгісі. Болашаққа ұмтылған жас ұрпақтың арманы мен самғауын меңзейді.

Бесбұрышты жұлдыз

Әр адамның өмірінде жол көрсететін өз жұлдызы болатынын еске салады.

Авторлары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.