Сөйлем сөзден
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Сөйлемдердің мағынасына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болып бөлінетінін меңгерту.
- Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық
- «Ой қозғау» стратегиясы арқылы сұрақ қоюға, жан-жақты ойлауға үйрету.
- Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.
- Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік
- Әдептілікке баулу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
- Топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Алған білімді өмірде қолдана білуге бағыттау.
Сабақтың өтілу барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Назарын сабаққа аудару.
2) Психологиялық дайындық
Күн көзіндей күлімдеп,
Көңілді болып жүрейік.
Қазіргі болар сабаққа
Жүректен ақ жол тілейік!
3) Үй тапсырмасын тексеру
- 235-жаттығу: 2–3 оқушыдан ауызша сұрау.
- Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру.
4) Үй тапсырмасын бекіту: «Мен бастаймын, сен жалғастыр»
Оқушылар сөйлемді толықтырып, негізгі ережелерді еске түсіреді.
- Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
- Сөйлем сөзден құралады.
- Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
- Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.
- Сөйлемнің соңына нүкте қойылады.
- Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады.
- Сұраулы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі қойылады.
Хабарлы сөйлем
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылады. Соңына нүкте (.) қойылады.
Сұраулы сөйлем
Жауап алу мақсатымен айтылады. Соңына сұрақ белгісі (?) қойылады.
Лепті сөйлем
Адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді. Көтеріңкі дауыспен айтылады. Соңына леп белгісі (!) қойылады.
Жаңа сабақ: сұраулы сөйлемнің жасалуы
Негізгі ереже
Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, па, пе, ба, бе шылаулары бөлек жазылады.
Мысал
Апаң үйге келді ме?
Мысал
Асан сурет салды ма?
Күн жады
Күнді, айды, аптаның күнін дәптерге жазу.
Көркем жазу
Дәптерге С, с әріптерін көркем етіп жазу.
Көрнекілік арқылы түсіндіру
Тақтадағы суреттер бойынша мысал сөйлемдер құрастыру және талдау.
Оқулықпен жұмыс
236-жаттығу
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.
Толқын кітап алды.
Ол көп оқиды.
Әжем ауылдан келді.
Тапсырма соңында: бұл сөйлемдерде сұраулық мағына беріп тұрған сөздерді тап.
238-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен берілген сөздерді салыстыр. Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аудар.
- Сабақтан кешікпе.
- Айдос ауылдан келіп пе?
- Ешқашан өтірік айтушы болма.
- Қар қалың жауды ма?
Сергіту және ойын тапсырмалары
Сергіту сәті
«Бақытты балалық» әнін орындау.
237-жаттығу
Бейнесөзді шеш.
Жауабы
Кітапхана
«Суреттер сөйлейді»
Сурет бойынша сөйлем құрап, оның түрін анықтау (хабарлы, сұраулы, лепті).
Пефокартамен жұмыс
Берілген үлгілер арқылы сұраулы шылаулардың бөлек жазылуын бекіту.
Жаңа сабақты бекіту: «Құрастыра біл»
Жақшаны ашып, дұрыс нұсқасын жаз.
Қалаға кеткендер келіп (пе).
Айтқанды түсіндің (бе).
Күн суытты (ма).
Үйге қарай жүгір (ме).
Сабаққа кешігіп кел (ме).
Ескерту: сұраулық шылаулар (ма/ме/па/пе/ба/бе) бөлек жазылады, ал бұйрық райдағы -ме жұрнағы етістікпен бірге жазылады.
Бағалау және үй тапсырмасы
Оқушыларды бағалау
Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы, сауатты жазуы және топтық жұмыстағы белсенділігі бойынша бағалау.
Үйге тапсырма
239-жаттығу, 80-бет.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!