Тармақталу программасын құру
Сабақтың тақырыбы
Тармақталу программасын құру.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Шартты және шартсыз операторларды пайдаланып бағдарлама құру және компьютерде нәтижесін алу.
Дамытушылық
Оқушылардың теориялық білімін практикада қолдану арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
- Информатика пәнінің электронды оқулығы
- Карточкалар
- Схемалар
- Слайдтар
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ.
Сабақтың өтілу барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру және оқу құралдарының дайындығын қадағалау.
-
2) Еске түсіру кезеңі
Электронды оқулықты пайдаланып, тармақталу командасы және оның түрлері туралы түсінік беру; өткен материалды қысқаша қайталау.
-
3) Оқушыларды топтарға бөлу
Топтардың атауы түсіндіріліп, оқушылар болашақта таңдауы мүмкін мамандықтарына сәйкес бөлінеді.
I топ — Информатиктер
Теория бойынша түсініктеме береді.
II топ — Программистер
Бағдарлама құрады.
III топ — Тестіровщиктер
Тест тапсырмаларына жауап береді.
IV топ — Операторлар
Бағдарламаны компьютерге енгізіп, нәтижесін шығарады.
-
4) Тапсырмалар беру
Әр топқа мамандығына сәйкес тапсырмалар ұсынылады.
Информатиктер тобына сұрақтар
- 1 Тармақталу командалары дегеніміз не?
- 2 Тармақталу командалары қандай операторларға бөлінеді?
- 3 Операторлар бағдарламада қалай жазылады?
- 4 Операторлардың қызметін түсіндіріп беріңіз.