Сармат тайпаларының орналасуы
Сарматтар: орналасуы және қоғамы
Қазақстан аумағында б.з.б. III ғасыр мен б.з. V ғасыр аралығында үйсін, қаңлы, ғұн, сармат сияқты мемлекеттік бірлестіктер қалыптасты. Бұған дейін үйсіндер, қаңлылар және ғұндар туралы қарастырсақ, ендігі кезекте Батыс Қазақстандағы ерте темір дәуірінде өмір сүрген сармат тайпаларының орналасуы мен қоғамдық құрылысына тоқталамыз.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Батыс Қазақстандағы ерте темір дәуірінде өмір сүрген сармат тайпаларының тарихы, орналасуы және қоғамдық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Ізденімпаздықты дамыту, өздігінен жұмыс істеуге үйрету, салыстырмалы талдау жасау дағдыларын қалыптастыру және қосымша деректер арқылы тарихи ой-өрісті кеңейту.
Тәрбиелік
Елжанды, жауапкершілігі жоғары азамат тәрбиелеу; өткенін танып, келешегін бағамдай алатын ұрпақ қалыптастыру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндірмелі баяндау, сатылай кешенді талдау, сәйкестендіру тесті, сұрақ-жауап, «Сандар сөйлейді».
Көрнекіліктер
Карта, плакат, тірек-сызбалар, слайдтар
Техникалық құрал
Интерактивті тақта
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
- Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
- Назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау: «Көкпар» ойыны
Ұпайлар: 30, 40, 20.
30 ұпай
- Сұрақ: Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі қалай аталады? Жауап: Полихромдық стиль
- Сұрақ: Ғұндарда елді кім биледі? Жауап: Шаньюй
20 ұпай
- Сұрақ: Көшпенділер тұрмысқа қажетті заттарды көбіне неден жасады? Жауап: Былғарыдан
- Сұрақ: Ғұндардың баспанасы қандай болды? Жауап: Киіз үй
40 ұпай
- Сұрақ: Аттила (Еділ) шамамен қай кезеңде өмір сүрді? Жауап: 400–453 жж.
- Сұрақ: Ғұн сарайлары неден жасалды? Жауап: Бөренеден
III. Үй тапсырмасын қорытындылау: «Кім алғыр?» тесті
-
1) Ғұндар ыдыс-аяқ жасауға қандай материалды пайдаланған?
а) Ағаш; ә) Металл; б) Тері; в) Балшық.
-
2) Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі қалай аталады?
а) Безендіру; ә) Полихромдық стиль; б) Зерлеу; в) Бояу.
-
3) Ғұндардың негізгі шаруашылығы қандай болды?
а) Аң аулау; ә) Мал шаруашылығы; б) Егіншілік; в) Зергерлік.
-
4) Ғұндарда әлеуметтік теңсіздіктің қалыптасқаны неден байқалады?
а) Мал мен жерге жеке меншік пайда болды; ә) Шенеуніктер қалыптасты; б) Құқықтық жүйе пайда болды; в) Әміршілер сайланды.
-
5) Ғұндардың Еуропаға жорығын басқарған кім?
а) Бумын; ә) Мөде; б) У-Ди; в) Чжи-Чжи; г) Еділ.
Ой қозғау: картамен жұмыс
Оқушылар өткен тақырыптар бойынша сақтар, үйсіндер, қаңлылар және ғұндардың мекендеген жерлерін картадан көрсетеді. Осыдан кейін сармат тайпаларының қоныстанған аумақтары, шектескен өңірлері және жорық бағыттары талданады.
IV. Жаңа сабақ: сармат тайпаларының орналасуы және қоғамы
Жоспар
- Сарматтардың орналасқан жері
- Савроматтар
- Арал–Каспий аралығын мекендеген тайпалар
- Қоғамдық құрылысы
Сармат атауы және тарихи кезеңі
«Сармат» атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. III ғасырдан бастап кездеседі. Ал тарихи деректерде алғашқы кезеңде оларды б.з.б. VIII ғасырда савроматтар деп атағаны айтылады.
Сармат тайпалары еліміздің батыс өңірін б.з.б. VIII ғасыр мен б.з. V ғасыр аралығында мекендеген. Арал мен Каспий теңіздерінің аралығында, оңтүстікке қарай дах (дай, даг) тайпалары тіршілік еткені де деректерде көрсетіледі.
Каспий теңізі кейбір деректерде Гиркан теңізі деп аталады. Осы атауға байланысты каспийліктерді кейде гирканилер деп те атаған.
Сарматтар туралы жазған тарихшылар
Диодор
Көне дәуір деректері
Үлкен Плиний
Антикалық автор
Полибий
Тарихи жазбалар
Геродот
Грек тарихшысы
Геродот дерегі: савроматтар туралы
- Тұлға
- Геродот
- Өмір сүрген жылдары
- Б.з.б. 490/480–425 жж.
- Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген.
- Қауымда ерлер мен әйелдердің орны тең саналған.
- Савроматтар дах-массагеттермен және исседондармен туыстас болған.