Дауысты дыбыстарды ата

Сабақ жоспары

Жамбыл ауданы, Ерназар ауылы, Б. Кейкіев атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Кузенбердиева Айгүл Ногаевна

Пәні: Ана тілі • Сыныбы: 1

Тақырыбы

Төрт түлік. Дауыссыз дыбыстар

Мақсаты

Оқу-жазу дағдыларын қалыптастыра отырып, дыбыстар туралы білімін кеңейту; сөз ішіндегі дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Түйінді түсінік

Оқушылар сөздердегі дыбыстарды анықтап, әсіресе дауыссыз дыбыстарды тауып, ажырата алады.

Міндеттері

  • Мәтін мазмұнын жүйелі айтып беруге үйрету.

  • Жаттығу жұмыстары арқылы сөздердегі дауыссыз дыбыстарды анықтату.

  • Сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту және пікір айту дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

Топтық жұмыс дағдылары

Оқушылар өзіндік ізденіске бағытталып, шығармашылықпен жұмыс істеуге машықтанады.

Сыни ойлау және коммуникация

Талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдеу, өзгені тыңдау және тұжырым жасау қабілеттері дамиды.

Өзін-өзі бағалау

Әр оқушы өзін бағалап, өз пайымын жасайды және тапсырмалардың тәрбиелік-тағылымдық мәнін түсінеді.

Сабақтың өту барысы

Қадам-қадамымен ұйымдастырылған сабақ құрылымы

Төмендегі бөлімдер 1-сынып оқушыларына дыбыстарды ажыратуды үйретуге және «төрт түлік» тақырыбы арқылы сөздік қорын байытуға бағытталған.

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин
  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.
  • Оқушыларды топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

3 мин

Ауызша сұрау және «миға шабуыл» сұрақтары:

  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
  • Дауысты дыбыстарды ата.
  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Көркем жазу

3 мин

Дәптерге Т және т әріптерін көркем жазу.

Зерттеу жұмысы

5 мин

1-тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, оқы.

1.

Ат — ада...ның қана...ы.

2.

Сиы...дың сү...і тілінде.

3.

Ең зор түлік — тү...емін, тікенді шө...ті сүйемін.

Жаңа сабақ

5 мин

Бүгінгі сабақтың тақырыбы — дауыссыз дыбыстар және төрт түлік.

17-жаттығу (тақтамен жұмыс)

Сөздердегі дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

Оқулықпен жұмыс

10 мин

2-тапсырма: 18-жаттығу

Өлең жолдары

Құлыншағым — құндызым,

Құлдырайды, шабады.

  • Дауыссыз дыбыстарды тауып, астын сыз.
  • Сөздерге дыбыстық талдау жаса.
  • Сөздерді буынға бөл.
  • Жаңа сөздердің мағынасын түсіндір.

Топтық тапсырма

«Төлді қалай шақырады» өлеңін мәнерлеп оқып, әр топ өзіне қатысты шумақты табады. Өлеңнің не туралы екенін талқылап, мазмұнын айтып береді.

Талқылау

Өлең не туралы? Негізгі ойы қандай?

Тілдік жұмыс

Ұйқасты сөздерді тап.

Сергіту сәті

1 мин

Таң әлі атқан жоқ,

Маңы әлі қараңғы.

Әтеш ерте оянып,

Жан-жағына қарады.

Шынықтырып денені,

Қанаттарын қағады.

«Ку-ка-ре-ку!» — тұр-тұрлап,

Оятады баланы.

Шығармашылық жұмыс

10 мин

Сәйкестендіру тесті

Төрт түлік атауларын буынға бөліп, дыбыстық талдау жаса.

Сөз Буынға бөлу Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар
Қой Қой о қ, й
Сиыр си-ыр и, ы с, р
Жылқы жыл-қы ы, ы ж, л, қ
Түйе тү-йе ү, е т, й

Әр сөзге дыбыстық талдау жасап, дауысты және дауыссыз дыбыстарды бөлек көрсет.

Сабақты қорытындылау

3 мин
  • Тақырып бойынша қысқаша қайталау: дауыссыз дыбыстарды ажырату.
  • Оқушылардың жауаптарын тыңдап, қорытынды пікір айту.
  • Өзін-өзі бағалау және кері байланыс алу.