Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр
2-сынып • Қазақ тілі (презентациямен)
Я әрпінің жазылуы
Бұл сабақта оқушылар Я әрпінің сөз ішінде жазылу және айтылу ерекшеліктерін меңгереді, я әрпі бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыланады және сөздік қоры дамиды. Сонымен қатар құстарды қорғау, адамгершілік, әдептілік, достық және үлкенді сыйлау құндылықтары насихатталады.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.
- Сабаққа даярлықты тексеру.
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн деп айтамыз, Бір болып кеште қайтамыз. Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары
- Дыбыс деген не?
- Әріп деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- И дыбысы қандай дыбыс?
- сый, тый сөздерінің жазылуын түсіндір.
Мақсат қою
Бүгін біз Я әрпінің сөз ішінде жазылуымен танысамыз және айтылуы мен жазылуын салыстырып үйренеміз.
Күні: Қазанның он алтысы
Кіріспе: жұмбақ
Қоянда бар, Қайыңда жоқ. Қиярда бар, Қиында бар.
Маңызды түсінік
Я әрпі екі дыбыстан тұрады: й + а. Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына я әрпі жазылады.
3) Жаңа материалды түсіндіру
Ереже
Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына Я әрпі жазылады.
Оқулықпен жұмыс барысында өлең оқылып, мазмұны талданады. Мысал сөздер: оянғаны, аянғаны.
Пысықтау жұмысы
- Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру.
- Айтылуы мен жазылуын салыстыру.
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыру.
Жаттығулар
- 1-жаттығу: өлеңді оқу, мазмұнын ашу.
- 3–5-жаттығулар: ережені бекіту.
Дағды
Дыбыстық талдау жасау арқылы оқушы айтылу мен жазылу айырмасын нақты ажыратады.
3-жаттығу: айтылуы мен жазылуын салыстыр
| Айтылуы | Жазылуы |
|---|---|
| Айан | Аян |
| тайау | таяу |
| байау | баяу |
Тапсырма: сөздерге дыбыстық талдау жаса.
5-жаттығу: көп нүктенің орнын толтыр
1) Оқып толықтыр
Бала, бала, бала деп, Түнде шошып …… Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік ……
Сұрақ: өлең кім туралы? Бұл кім?
2) Қажетті сөздер
Тапсырма: Я әрпі қай дыбыстардың орнына жазылғанын айт.
Сиқырлы сандар
2 — 1 — 3 • ұ — қ — с
Көшіру жұмысы
Сөздерді көшіріп жаз: ұя, мая, саяхат, бояу, Саят, оянды.
- Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
- Сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Шығармашылық тапсырма
«Ана» тақырыбына шағын шығарма жаз.
Ребус
Шешуге арналған жазба
Тауық‴ Қияр′ → т а қ и я″ Арқар′ Пияз′ → қ а р и я
Тапсырма
Шыққан сөздермен екі сөйлем құрастыр.
Сабақты қорытындылау
Бекіту сұрақтары
- Я дыбысы қандай дыбыс?
- Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтір.
- Сол сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Сөздік диктант
Я әрпі кездесетін сөздердің астын сыз:
Қосымша тапсырмалар
1) Буынға бөл
Қияр, шаян
2) Тиісті әріпті жаз
А…қ, ба…у, қари…, тұ…қ, та…қ, бо…у, дари…, са…бақ
3) Сөйлем құрастыр
Сөздердің ретін цифрмен белгіле:
- 1 4 3 2 — Әлия, болды, жайлауда, жазда.
- Әнуар, оянды, ерте.
- Баян, сурет, бояумен, салды.
Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындау белсенділігі, дұрыс жазуы және дыбыстық талдауы бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
4-жаттығу, 54-бет.