Барында шамасы, Суыққа қашпақшы
Мағжан Жұмабаев
Сары аяз - сүйген жар
Қайрылмай кеткен соң,
Қайратсыз қалың қар
Жылаумен біткен соң.
Жел сипап, Күн күліп,
Мазақ қып сүйген соң
Боларын бір сұмдық
Ішінен түйген соң
Қалың мұз кәрленіп,
Қара көк түс алды.
Еруге арланып,
Кетпекке ойланды.
Бұзыла - жарыла,
Антұрған аптықты.
Өзеннің жарына
Асығып соқтықты.
Барында шамасы,
Суыққа қашпақшы.
Мұз теңіз - анасы
Құшағын ашпақшы.
Өткен соң жаз алты ай,
Ашуын жимақшы.
Өзенді еркетай
Ойыннан тыймақшы.
Қалың мұз қара көк,
Ойлама құр бекер
Суыққа жетем деп,
Ыстық күн ерітер.
Ақтабан шұбырынды
Аминдер
«Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар»
Болат және болаттан жасалған бұйымдар
Музыкалық білім мен тәрбиенің атқаратын міндеттері
Денсаулық - басты байлық
Өсімдіктердің мерзімді дамуы және фитоценоздың ерекшеліктері
Тіл ұстарту жұмысына магнитафонды пайдалану
Ауылшаруашылық дақылдарының суға, ауаға, жылуға, қоректік заттарға қоятын талаптары
Фосфор тыңайтқышы
Кешкі сағат сегіздер шамасы
Жаның барында қойды тауып бер
Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим
Қай өсімдік суыққа төзімді
Элементар электр зарядының шамасы
Жарық шамасы
А шамасының барлық мәнін есептеңіз
Жарық шамасы. Қауіпті және зиянды факторлардың топтастырылуы
Үшбұрыштың сыртқы бұрышының шамасы неге тең
Елге аман - сау барыңдар