Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы

Тақырыбы: Дені саудың – жаны сау

Денсаулық — әлеуметтік байлықтың негізі. «Бірінші байлық — денсаулық» деген сөздің мәні терең: денсаулықтан артық қазына жоқ. Ендеше, осы асыл байлығымызды қалай сақтаймыз? Бүгінгі ашық тәрбие сағатында осы сұрақ төңірегінде ой бөлісеміз.

Бағыт

Салауатты өмір салты

Тазалықты сақтау, белсенді қимыл-қозғалыс, дұрыс әдет қалыптастыру.

Негізгі ой

Аурудың алдын алу

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» қағидасын ұстану.

Құндылық

Зиянды әдеттен алшақ

Денсаулыққа кері әсер ететін әрекеттерден саналы түрде бас тарту.

Сабақтың мақсаты

Тәрбиелік

  • «Бірінші байлық — денсаулық» ұғымын кеңінен түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау.
  • Денсаулықтың қадірін ұғындырып, оны сақтауға және аурудың алдын алуға үйрету.
  • Зиянды әдеттердің зардабын түсіндіріп, одан бойды аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Ауруды емдегеннен гөрі, алдын алудың тиімді екенін ұғындыру.
  • Дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
  • Есте сақтау қабілетін дамыту, өмірге қызығушылық пен қоршаған ортаға жағымды көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі

Көрнекілігі

Денсаулыққа байланысты нақыл сөздер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру.
  2. Кіріспе сөз.
  3. Оқушыларды үш топқа бөлу:
    • 1-топ: Сауықтыру саяхатшылары
    • 2-топ: Тазалық саяхатшылары
    • 3-топ: Спорт саяхатшылары
  4. Әр топ өз бағыты бойынша «саяхатқа» шығады:
    • 1-топ: «Зиянды заттар» ауылына саяхат
    • 2-топ: «Тазалық» ауылына саяхат
    • 3-топ: «Спорт» ауылына саяхат
  5. Әр топтың атауына сай тест және қосымша сұрақтар қойылады. Міндет — сұрақтарға толық әрі жылдам жауап беру.

Кіріспе сөз (толық)

Денсаулық — әлеуметтік байлықтың негізі. «Бірінші байлық — денсаулық» демекші, денсаулықтан артық байлық жоқ. Осы қымбат та асыл қазынамызды қалай сақтаймыз? Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгін біз осы мәселені жан-жақты талқылаймыз. Ендеше, «Дені саудың – жаны сау» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Әр адам өз денсаулығын сақтау үшін тазалықты ұстанып, спортпен шұғылданып, денсаулыққа кері әсер ететін зиянды әдеттерден аулақ болуы керек. Денсаулықтың достары мен жаулары дегеніміз не? Осыны білу үшін оқушыларымыз өз білімін ортаға салып, «Денсаулық әлеміне» саяхат жасайды.

Қорытынды

«Дені саудың – жаны сау» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Денсаулық — адам үшін ең қымбат құндылық. Сондықтан әрқайсымыз оны сақтауға жауаптымыз.

Денсаулықты нығайту үшін тұрақты түрде спортпен шұғылданып, зиянды әдеттерден аулақ болу қажет. Тәрбие сағатына белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.

Денсаулығымызды бағалайық, өмір салтымызды жақсартайық!