Ермексаздан есілген ширатпалармен мүсіндеу әдісін көрсету

Сабақтың тақырыбы

Құстарды мүсіндейміз (презентациямен).

Білімділік мақсат

  • Мүсін өнері туралы түсінігін кеңейту.
  • Түрлі мүсіндеу тәсілдерімен таныстыру.
  • Бедерлі мүсіндеуді үйрету.

Дамытушылық мақсат

  • Мүсіндеу дағдысы мен біліктілігін жетілдіру.
  • Байқағыштық пен зейінді дамыту.
  • Қол ептілігін шыңдау.

Тәрбиелік мақсат

  • Мүсіндеу арқылы эстетикалық тәрбие беру.
  • Табиғатты аялауға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі

Жаңа оқу материалын меңгерту.

Сабақ әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекіліктер

  • Құс бейнесі бар суреттердің көшірмелері, фотосуреттер.
  • Ермексаздан жасалған мүсін үлгілері.
  • Слайдтар мен презентация.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы (топтық сұрақтар)

  1. I топ«Сиқырлы орман» туралы не білдіңдер?
  2. II топ«Сиқырлы орман» нелерден құралады?
  3. III топСуретке қарап нені түсіндің?

Ой қозғау: жұмбақтар

Жұмбақтардың жауабын тауып, бүгінгі тақырыпқа жол ашамыз.

«Бейбітшілік құсы» деп, айтады оны барша жұрт.
Жауабы: көгершін
Қайталап әнімді, көктемде ән салам.
Жауабы: көкек
Су бетін сызып, аққұман жүр жүзіп.
Жауабы: аққу
Қос қанатын иіп ап, жарға келіп қонады. Қара киім киіп ап, балшықтан үй соғады.
Жауабы: қарлығаш
Бір құс бар: үлпілдеген жүні жұмсақ. Тұяғы — болаттай алмас пышақ. Тұмсығы имек, күндіз көрмейді көзі, көкті кезіп түнде ұшады.
Жауабы: үкі
Биік шыңда тұрады, төбеңде қалықтайды. Көз тастайды қырағы, төменге қонбайды.
Жауабы: бүркіт

Барлық жауап бір ұғымға бірігеді: құстар. Ендеше, бүгінгі жаңа сабақ: «Құстарды мүсіндейміз».

Жаңа сабақ: құстар және мүсін өнері

Құстар туралы әңгіме

Құс суреттерінің көшірмелері мен фотосуреттеріне қарап, құстардың тіршілігі және олардың табиғатқа, адамға келтіретін пайдасы туралы әңгімелесеміз.

Жер бетінде құстар өте көп. Тек біздің еліміздің өзінде мыңдаған түрі кездеседі. Олар ауылда да, қалада да, тауда да, су қоймаларында да — барлық өңірде тіршілік етеді.

Құстар адамға үлкен пайда әкеледі: егер құстар болмаса, зиянкес жәндіктер көбейіп, егінге зиян келтіруі мүмкін.

Көрнекілік: презентациядан құстардың фотосуреттерін көрсету.

Мүсін дегеніміз не?

Мүсін — тас, ағаш, металл, сазбалшық және ермексаз сияқты материалдардан сомдалған бейнелер.

Мүсін түрлері

  • Жұмыр мүсін — барлық жағынан көрінетін көлемді мүсін.
  • Бедерлі мүсін — жазықтық бетінен жартылай шығыңқы мүсін.

Көрнекілік: слайд-шоудан құстардың мүсіндерін көрсету.

Сюжеттік сабақ: «Бауырсақты құтқарайық»

Кіріспе

Сабақ ертегі желісі бойынша өтеді. Бүгінгі мақсат — тапсырмаларды орындап, Бауырсақты құтқару.

Аюдың тапсырмасы

«Құстармен танысайық»: көрсетілген құстарды үй құстары және дала құстары болып ажыратып жазу.

Сергіту сәті

«Ақ көгершін» биі.

Қасқырдың тапсырмасы

«Ойға жина»: дүниетану және әдебиеттік оқу кітаптарынан құстарға қатысты мәтін үзінділері беріледі. Тапсырма — үзіндінің тақырыбын табу.

«Ойға жина» тапсырмасы: топтық үзінділер

I топ

Тақырыбы

Құстар жыл сайын ұя салады немесе ескілерін жөндейді. Бұл үшін оларға бұтақтар, сабан, шөп, мамық және қауырсын қажет.

«Құстар қалай өсіп-өнеді»

II топ

Тақырыбы

Құстардың арасында жыртқыштары да бар: қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі. Кейбірі ұясын шалғынға салады. Бұлбұл ұясын биік бұта басына салады.

«Құстардың алуан түрлілігі»

III топ

Тақырыбы

Мидай жазық кең дала. Жел жоқ. Күн шуақты. Аспанда ақ сабынның көбігіндей ақ бұлттар. Анда-санда торғайдың «шық-шық» еткен дауысынан басқа үн естілмейді.

«Құштарлық»

Қоянның тапсырмасы

  • I топ: шағын эссе жазу.
  • II топ: өлең шығару.
  • III топ: ертегі құрастыру.

Түлкінің тапсырмасы

Ермексазды пайдаланып, құстарды мүсіндеу.

Барлық тапсырма орындалды — Бауырсақ құтқарылды. Бауырсақтың ата-анасы ризашылық ретінде бауырсақ беріп жіберген. Сабақ аяқталған соң таратылады.

Практикалық бөлім: жұмыс орындалу реті

Қадамдар

  1. 1 Қатырма қағазға құс суретін жай қарындашпен салып аламыз.
  2. 2 Түрлі түсті ермексаздан ширатпалар есіп дайындаймыз.
  3. 3 Ширатпаларды құс бейнеленген сызықтар бойымен жапсырып, ішін өз қалауымызша өрнектермен толықтырамыз.
  4. 4 Ширатпа ермексазбен мүсіндеу әдісін іс жүзінде көрсетеміз және өз бетінше жұмыс жасаймыз.

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Түрлі түсті ермексаз
  • Жұмыс тақтайшасы
  • Қалақшалар
  • Қатырма қағаз
  • Жай қарындаш
  • Қол сүртуге арналған шүберек

Жеке жұмысқа кеңестер

  • Негіз дайындағанда ермексазды қағазға біркелкі қалыңдықта жағыңыз: ширатпалар түзу әрі әдемі орналасады.
  • Қарама-қарсы түстерді аздап араластырып, ширатпаларды әр алуан етіп жасауға болады.
  • Құс денесін өрнектермен толықтырғанда пішінін бұзып алмауға тырысыңыз.

Тапсырма

Ширатылған ермексаздан құс мүсінін мүсіндейміз (бедерлі мүсіндеу тәсілі).

Қорытынды және бағалау

Қорытынды сұрақтар

  • Қандай құстарды білесіңдер?
  • Құстардың қандай пайдасы бар?
  • Мүсін түрлерін атаңдар.

Бағалау

Оқушы жұмыстарына талдау жасалады.

Үздік жұмыстар мадақталады, оқушылар бағаланады.