Туған жері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Абай Құнанбаевтың өмір жолы туралы мағлұмат беру; «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.

Дамытушылық

Оқушының ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту және мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Ұлы ақынның кемеңгерлігін дәріптеу; адамгершілікке, өз елін, туған жерін және табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқулық пен дәптерді түгендеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Арыстан мен қозы» мәтінінің мазмұнын сұрау. Кейіпкерлерге мінездеме беру:

  • Арыстан — мінездеме.
  • Қозы — мінездеме.

3) Жаңа сабақ: сөзжұмбақ арқылы кіріспе

Мұғалім оқушыларға сөзжұмбақ сұрақтарын ұсынып, бүгінгі сабақтың кім туралы болатынын анықтатады:

  1. 1. Дүниедегі ең асыл да қымбат адам кім?

  2. 2. Сиырдың төлі қалай аталады?

  3. 3. Тұңғыш мектеп ашып, балаларды білім алуға шақырған кім?

  4. 4. Қозының енесі қалай аталады?

Қорытынды бағыт:

Оқушылар Абай туралы бұрыннан білетіндерін еске түсіріп, жаңа тақырыпқа өтеді.

Абай туралы сұрақ-жауап

Мұғалім сұрақтары

  1. Абай кім?
  2. Ол қай жылдары өмір сүрген?
  3. Тұңғыш өлеңдер жинағы қай жылы шықты?
  4. Абайдың анасының аты кім?
  5. Әжесінің аты кім?

Оқушы жауаптары

  • Абай — қазақтың ұлы ақыны.
  • Өмір сүрген жылдары: 1845–1904.
  • Тұңғыш жинағы: 1909 жылы жарық көрді.
  • Анасы: Ұлжан.
  • Әжесі: Зере.

Қысқаша мәлімет (дәптерге жаздыру)

Туған кездегі есімі
Ибраһим Құнанбайұлы
Қызметі
Ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер
Туған күні
10 тамыз 1845
Туған жері
Семей облысы (Қарқаралы өңірі)
Ұлты
Қазақ
Қайтыс болған күні
6 шілде 1904 (58 жас)
Қайтыс болған жері
Семей облысы
Ата-анасы
Әкесі — Құнанбай Өскенбайұлы, анасы — Ұлжан

Мұғалім Абайдың суреттерін көрсете отырып, мәліметті толықтырады.

Өлеңмен танысу: «Желсіз түнде жарық ай»

  • Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
  • Мазмұны мен негізгі идеясы түсіндіріледі.
  • Оқушылар кезекпен оқып, мәнерлеп оқу бойынша жарысады.

Шығармашылық жұмыс: салыстыру және мінездеме

Оқушылар топқа бөлініп, тақтада сызба арқылы «жақсы қасиеттер», «жаман қасиеттер» және «Бала Абайдың қырлары» тақырыптарын толтырады.

1-қатар: Жақсыдан үйрен

  • Талапты
  • Білімді
  • Ақылды
  • Адал
  • Терең ойлы
  • Қайырымды
  • Еңбекқор
  • Талантты

2-қатар: Жаманнан жирен

  • Еріншек
  • Білімсіз
  • Ұятсыз
  • Арсыз
  • Мақтаншақ
  • Рахымсыз
  • Өтірікші
  • Надан

3-қатар: Бала Абай

  • Сазгер
  • Ойшыл
  • Ақын
  • Кемеңгер
  • Аудармашы

4) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.

Қорытынды және білімді тексеру

Талқылау сұрақтары

  • Бүгін кім туралы білдік?
  • Қай өлеңмен таныстық?
  • Абай кім болған?

Тест тапсырмалары

  1. Қазақтың ұлы ақыны кім?
    а) Ыбырай ә) Абай б) Шоқан
  2. «Абай жолы» роман-эпопеясын кім жазды?
    а) М. Әуезов ә) Ш. Мұртаза б) Ж. Жабаев
  3. Абайдың әжесінің аты кім?
    а) Ұлжан ә) Зере б) Тоғжан
  4. «Орын таппай баптанба» деп келетін өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
    а) «Күз» ә) «Ғылым таппай мақтанба» б) «Желсіз түнде жарық ай»
  5. Абайдың туған жерін белгілеңіз.
    а) Қарағанды ә) Алматы б) Семей

Жауаптарды бір-біріне тексерту арқылы қорытынды жасалады.

Үй тапсырмасы

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттап келу.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қойылады.