Ебетейсіз асыққан сүрінер
Сабырлық туралы мақал-мәтелдер
Сабыр — ақылдың серігі. Төмендегі нақылдар адам мінезін тәрбиелеуге, асығыстықтан сақтануға және байыппен ойлауға үндейді.
Сабыр — ақылдың серігі.
Боларыңда болмасаң, болған елдің атын жек. — Көшімбек би
Болмастай іске болаттай бол.
Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
Бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын. — Қазыбек би
Бір метр мұз бір күнде қатпайды.
Бір оқты бұлан көтереді, бір оқты ұлан көтереді.
Ебетейсіз асыққан сүрінеді.
Жазымыштан озымыш жоқ.
Жарау кісі байқап сөйлейді, қарау кісі жан-жағын жайпап сөйлейді.
Жатқан тастың астына су бармайды.
Жеңілдігі қаңбақтай, ширақтығы жаңғақтай.
Жеңілдік жарға жығады.
Жеңіл желек жел шақырып тұрады.