Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас
Сабақтың барысы
Бұл жоспар қазақ тілі сабағын жүйелі өткізуге арналған: ұйымдастыру кезеңінен бастап, жаңа материалды түсіндіру, бекіту, үй тапсырмасы және бағалауға дейінгі барлық қадамдар нақты реттелген.
I. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- «Көктем» тақырыбында интерактивті тақта арқылы пейзаждық суреттер көрсетіп, А. Құнанбайұлының «Жазғытұрым» өлеңін тыңдату.
Мұғалім сөзі
Олай болса, тамаша көктем мезгілімен бірге келген қазақ тілі сабағын бастайық. Бәріңізге сабақта сәттілік тілеймін.
Мұғалімнің ассистенті сайланып, бағалау парағын жүргізу ескертіледі.
II. Жаңа материалды хабарлау
Сабақтың тақырыбы: сабақтас құрмалас сөйлем және оның жасалу жолдары.
Дәптерге күннің жадын және тақырыпты жазып қоямыз. (Сабақаралық байланыс жасалады.)
Анықтама
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлем түрі сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.
Негізгі ұғымдар
Бағыныңқы сөйлем
Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі тиянақсыз болады, сондықтан өз алдына бөлек айтуға келмейді.
Басыңқы сөйлем
Құрмалас сөйлемнің екінші жай сөйлемі тиянақты, өздігінен дербес айтыла береді.
Сабақтас құрмаластың жасалу жолы
Сабақтас құрмаластың жасалу жолы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышына қарай анықталады.
1) Шартты рай
-са, -се
2) Көсемше
-а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -қалы, -келі, -ғалы, -гелі
3) Есімше
- -ған (-ген) + -ша (-ше)
- -ған (-ген) + -дай (-дей)
- -ған (-ген) + -да (-де)
- -ған (-ген) + -мен
- -ған (-ген) + -дықтан (-діктен)
- -ған (-ген) + сайын, соң, кезде, уақытта
- -ған (-ген) + -ға + шейін
- -ған (-ген) + -нан (-нен) + бері, кейін, бұрын
4) Етістік негізі
-ысымен, -ісімен
Көп бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер саны екіден ғана тұрмай, одан да көп болуы мүмкін. Құрамында екі немесе одан да көп бағыныңқы сөйлемі бар сөйлем көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.
1) Жарыспалы
Көп бағыныңқылы сабақтастың түрі.
2) Сатылы
Көп бағыныңқылы сабақтастың түрі.
Ә) Жаттығу жұмыстары
120-жаттығу
Оқулықпен жұмыс
Мәтін оқылып, құрмалас сөйлемдердің қайсысы салалас, қайсысы сабақтас екені анықталады. Сабақтас сөйлемдер тақтаға жазылып, бағыныңқы сөйлемнің асты ирек, басыңқы сөйлемнің асты түзу сызықпен сыздырылады.
Семантикалық картамен жұмыс
Интерактивті тақта
Интерактивті тақта арқылы кесте толтырылады.
121-жаттығу
Өз бетімен жұмыс
«Сызбаны сөйлет»: мәтіннен берілген сызбаға сай сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып жазу және сызбасын құру.
Көсемше тұлғалы сабақтас
.............................. .......-ып, ............................ .
Есімше тұлғалы сабақтас
............................. .......-ған, ............................ .
Көп бағыныңқылы сабақтас
....................... , ..................... , ................... .
Аралас құрмалас сөйлем
...................... , ..................... , .................... .
Ойлан да, жаз
«Сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбы бойынша тірек сөздер жазу.
III. Бекіту
1) Сәйкестендіру тест
Тест интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.
2) Венн диаграммасы
«Құрмалас сөйлем», «Салалас сөйлем», «Сабақтас сөйлем» ұғымдарын салыстыру арқылы диаграмманы толтыру.
IV. Үй тапсырмасы
- 122-жаттығу: сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, сызбасын сызу.
- «Табиғат және біз» тақырыбына ойтолғау жазу.
V. Бағалау
Бағалау парағы бойынша қорытынды шығару.