Тұлпарлар тобына берілетін сұрақтар
Бұл материал 7-сынып оқушыларына арналған «Тіл мәртебесі – ел мерейі» тақырыбындағы сайыс сабағының жоспар-нұсқасы. Мазмұны оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіруге, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді тануға, ойды жүйелі жеткізуге және отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын арттыру.
- Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін таныту, қазақ тілін меңгерту.
- Өз ойын анық әрі мәдениетті түрде жеткізуге үйрету.
- Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен таныстырып, жатқа айтуға баулу.
- Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Техникалық құралдар
- Тіл туралы нақыл сөздер
- ҚР мемлекеттік рәміздері
Түрі және әдіс-тәсілдері
Түрі: сайыс сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Сайыстың басталуы
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген ойды арқау ете отырып, сайыс сабағы ашылады.
Жүргізушілердің кіріспе сөзі
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Қадыр Мырза Әли айтқандай:
Қазақ осы айтатұғын елге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір. Қазақ осы аңғал-саңғал жабусыз, Қазақ осы ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы «Өнер алды – тіл» дейтін, Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Ұлы қазақ даласында 130-дан астам ұлт өкілі татулық пен сыйластықта өмір сүріп келеді. Қазақстанда тұратын әрбір адам Отанын сүйіп, мәдениеті мен тілін құрметтеп, білуі тиіс.
1-жүргізуші: Осы мақсатпен Тілдер күніне орай «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты сайысымызды бастаймыз. Алдымен әділқазылар алқасымен танысайық.
Сайыс кезеңдері
1-кезең: Танысу
Әр топ өз атауын, ұранын таныстырып, қысқаша таныстыру жасайды.
-
1-топ
Тұлпарлар
-
2-топ
Көгершіндер
2-кезең: Үй тапсырмасы
Әр топ ана тілі туралы алдын ала дайындап келген өлең-тақпақтарын мәнерлеп оқиды.
3-кезең: «Кім көп біледі?»
Викториналық сұрақтар
Бұл сайыста қай топ сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап берсе, сол топ ұпай жинайды.
Тұлпарлар тобына сұрақтар
- 1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
- 2. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)
- 3. ҚР рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
- 4. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
- 5. Буын түрлерін ата. (ашық, бітеу, тұйық)
Көгершіндер тобына сұрақтар
- 1. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? (9)
- 2. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
- 3. Ұлттық тағамдарды атаңдар. (ет, бауырсақ, қазы-қарта)
- 4. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? (салалас, сабақтас, аралас)
- 5. Биенің сүтінен жасалатын сусын. (шұбат)
4-кезең: «Полиглот болғың келсе…»
Сайыскерлер қоржыннан қима қағаздар алып, берілген сөздерді мүмкіндігінше көп тілде аударады және айтады.
1-топ: Тұлпарлар
воскресенье, утро, город, независимый, пятница, день, улица, народ
2-топ: Көгершіндер
среда, вечер, проспект, Родина, понедельник, ночь, центр, государство
5-кезең: Капитандар сайысы
Топ басшылары 3 минут ішінде берілген сөз тіркесіне байланысты бірнеше сөйлем құрастырады.
Тұлпарлар тобына
«Қазақ тілі»
Көгершіндер тобына
«Орыс тілі»
6-кезең: Мақал-мәтелдер
Әр топ берілген тақырыптар бойынша мүмкіндігінше көп мақал-мәтел айтады.
1-топ: Тұлпарлар
Тақырыптар: Отан, Еңбек
2-топ: Көгершіндер
Тақырыптар: Білім, Тіл
Жүргізуші: Сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.
7-кезең: «Мақалды толықтыр»
Тұлпарлар тобына
Халықтың ортақ үйі — …
Көп сөз — …
Аз сөз — …
Керекті сөздер:
Отан, күміс, алтын
Көгершіндер тобына
Көз …
Ақыл …
Қол …
Білім …
Керекті сөздер:
батыр, қорқақ, тозбайды, азбайды
Қорытынды
Тілден биік асқар жоқ, Тілден асқан байлық жоқ; Тілден терең теңіз жоқ.
Ғ. Мүсірепов
Тілімізді әрқашан қадірлейік, мәртебесін әрдайым көтерейік. Осы ізгі тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.