Абай және орыс әдебиеті
9-сынып • Элективті курс
Абайтану: күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Бұл жоспар 9-сыныпқа арналған «Абайтану» элективті курсының мазмұнын тоқсандар бойынша жүйелейді. Әр бөлімде Абай өмірі мен шығармашылығының негізгі арналары, әдеби байланыстар, қарасөздердегі тағылым, сондай-ақ ән-күй және поэмалар арқылы ақын мұрасының тұтастығы қамтылады.
І тоқсан
Негізгі бөлімдер: кіріспе, өмірбаян, рухани қайнар көздер, әдеби байланыстар.
1. Кіріспе. «Адамзаттың Абайы»
- Пән туралы түсінік: мақсат-міндеттері және «абайтанудың» өзектілігі.
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі негізіндегі ойлар.
- Абайды оқыту, түсіндіру және жұртшылыққа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің жауапкершілігі.
- Оқу жүктемесі «Абайды білмек – парыз ойлы жасқа» тарауы: 10 сағат
2. Абайдың өмірі
- Ақын өмір сүрген заман: тарихи-әлеуметтік жағдайлар.
- Ата тегі, туып-өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі.
- Әлеуметтік іске араласуы.
- Абайдың рухани дүниетанымының өсуі мен қалыптасу кезеңдері.
3. Ақынның халық даналығын тануы
- Абай ақындығының бастаулары.
- Білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары.
- Ауыз әдебиеті — ақынның үлгі алған рухани қайнар бұлағы.
- Қазақтың өлең-жырлары, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін әжесі Зереден және халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан естіп, зердесіне тоқуы.
4. Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар
1 сағат- Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін меңгеруі.
- Шығыс әдебиеті — Абай нәр алған рухани мектеп.
- Алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар.
- Шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары.
- Абай шығармаларының Шығысқа қатысын ғылыми деңгейге көтерудегі М. Әуезов еңбегі.
- Шығыс ықпалының М. Мырзахметұлы еңбектерінде жаңаша зерделенуі.
- Шығыс әдебиеті мен мәдениетімен байланысын қарастырудағы тың көзқарастар.
5. Абай және орыс әдебиеті
- Орыс әдебиетіне ден қоюы және оқу аясының кеңеюі.
- Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасов шығармаларымен танысуы.
- Революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбов еңбектерін оқуы.
- Аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы және аударма ерекшеліктері.
6. Абай және Пушкин
- Пушкиннен жасаған аудармалары.
- Көркем-бейнелі ойды ұлттық танымға сай тәржімалау.
- «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңіндегі көркемдік шешімнің ақындық даралығы.
- Аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда байқалатын ерекшеліктер.
7. Қорытынды
І тоқсан материалдарын жинақтау, негізгі ұғымдар мен бағыттарды бекіту.
ІІ тоқсан
Негізгі бөлімдер: Батыс әдебиетімен байланыс, мұраның аударма арқылы танылуы.
8. Абай және батыс әдебиеті
2 сағат- Шығыс, орыс, батыс әдебиеті ықпалының тарихи-әлеуметтік негіздері.
- Қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиеті мен әлемдік әдебиеттің ықпалы.
- Өлең құрылымы, ойшылдық және сыншылдық болмыстағы орыс әдебиетінің әсері.
- Еуропа классиктері: Шекспир, Байрон, Гете, Дюма және т.б. шығармаларымен танысуы.
- Философтар мен ойшылдар: Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин және т.б.
- Мысал мәтіндер: Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы», А. Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И. В. Гете – М. Ю. Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып».
9. Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы
- Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы.
- Өзге тілге тәржімаланған өлеңдердің көркемдік ерекшеліктерін талдау.
М. Әуезов және абайтану мәселелері
Абай мұрасын ғылыми жүйеде тану, насихаттау және зерттеу дәстүрінің қалыптасуы. 4 сағат
10. Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы
- Абай туралы алғашқы ғылыми пайымдар мен бағыттар.
- Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және т.б. зерттеушілердің пікірлері.
11. М. Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері
- Абай мұрасын тану, насихаттау және таныту жолындағы ғылыми ізденістер.
- Абай шығармашылығын шығыс және батыс әдебиеті контекстінде қарастыру мәселелері.
12. Ақын шығармаларының басылымдары
- XX ғасырдың алғашқы ширегінде мұраның жинақталуы мен жариялануы.
- Оған ықпал еткен тұлғалар мен мәдени орта.
- Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.
ІІІ тоқсан
Абай шығармаларындағы ғылым мен білім тақырыбы. 10 сағат
«Ғылымға көңіл берсеңіз»
5 сағат13. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
- Басты идея: жастарды ғылым-білімге үндеу.
- Халық болашағы үшін білімнің маңызы мен міндеттерін айқындау.
- Ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды жоғары бағалауы.
14. «Интернатта оқып жүр»
- Негізгі тақырып: білім алу, ғылым мен өнер үйрену.
- Абайдың ағартушылық-демократтық көзқарастары.
- «Пайда ойлама, ар ойла» қағидасы: талап пен жауапкершілік мәдениеті.
- Отаршыл саясат жағдайындағы азаматтық ұстаным: «Қызмет қылма оязға…» ойы.
- Еңбексіз, ықылассыз, мехнатсыз шынайы білім қолға түспейтінін түсіндіру.
15. «Ғылым таппай мақтанба»
- Жастарды еңбек етуге, оқуға, білім алуға шақыру.
- Келешекке бағдар беретін өсиеттік мазмұн.
- Тағылымдық-тәрбиелік мәні және «ғалым болу» мен «адам болу» сабақтастығы.
- Абайдың ғылыми ой түюі мен тұжырым жасауы.
16. Сегізінші қарасөз
- Ақыл мен насихат туралы көзқарасы.
- Ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайым.
- Ақыл мен білім жөніндегі философиялық түйін.
17. Он жетінші қарасөз
- Адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық туралы ойлар.
- Ақыл, қайрат, жүрек үйлесімі жөніндегі философиялық түйін.
18. Жиырма бесінші қарасөз
- Озық елдердің өнері мен ғылымын үйренуге үндеу.
- Зиянынан қашық, пайдасына ортақ болу қағидасы.
- «Балаң бала болсын десең, оқыт» өсиетінің мәні.
19. Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі
5 сағат- Тірек ой: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» тұжырымы.
- Қарасөздерде көтерілген негізгі мәселелер мен даналық ойлар.
- Өсиет-нақылдардың өлеңдердегі ойлармен сабақтастығы және жанрлық ерекшелігі.
20. Екінші қарасөз
- Халықты намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақыру.
- Жағымсыз қылықтарды сынап, арылу жолдарын көрсету.
- Ұлттық дамудың экономикалық маңызын пайымдау.
- Еңбек ету, кәсіп қылу, мал табу жолдары туралы өсиет.
21. Оныншы қарасөз
- Бала тәрбиесі туралы ойлары.
- «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқ» қағидасы арқылы оқуға бағыттаудың маңызы.
22. Он сегізінші қарасөз
- Киіну мәдениеті туралы көзқарасы.
- Кербездік ұғымына қатысты тұжырымдары.
- Адамның озатын қасиеттері: ақыл, білім, ар, мінез.
ІV тоқсан
Қарасөздер талдауы, ән-күй, поэма.
23. Он тоғызыншы қарасөз
- Адамның естілігіне психологиялық-педагогикалық талдау.
- Ес туралы ой түюі.
- Естігенді есте сақтаудың маңыздылығы.
24. Отызыншы қарасөз
- Адам мінезіндегі жағымсыз әрекеттерді сынау.
- Ар, ес, намысты білмей тұрып адамдық пен арлылық орнықпайтыны туралы тұжырым.
- Өмір мен өлім мәні жөніндегі философиялық таным.
Абай танымындағы ән мен күй
4 сағат25. Абай әндерінің таралуы
1 сағат- Өнер құдіреті, ән мен күй туралы толғаныстары.
- Жақсы әннің эстетикалық мәні: көкейге ой салуы.
- Абай әндерінің мазмұны және халық арасына таралуы.
- Халық әндерімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- Музыкалық туындыларындағы әуен және ырғақ ерекшеліктері.
26–28. Әндер мен өлеңдер арқылы талдау
Мәтіндер мен әндер
- «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
- «Құлақтан кіріп бойды алар»
- «Өзгеге, көңілім, тоярсың»
- «Сегіз аяқ»
- «Көзімнің қарасы»
- «Айттым сәлем, қаламқас»
Талқылау өзектері
- Ән мен күйдің халық өміріндегі орны.
- Абайдың музыка өнері туралы пікірі.
- Қазақ музыкасына енгізген жаңалығы.
- Көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.
Поэмаларын оқыту
2 сағат29. «Ескендір» поэмасы
- Тақырыбы мен идеясы, көркемдік маңызы.
- Романтикалық және реалистік сипаты.
- Сюжеті мен композициясы.
- Ескендір мен Аристотель образдары.
- Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі.