Абайдың әйгілі шығармалары
Сабақтың тақырыбы
Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Білімділік мақсаты
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын танып-білу.
Дамытушылық мақсаты
Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңін өз сөздерімен әңгімелей алу; мәтін оқу, өлең жатқа айту, әндету дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Абай поэзиясының тереңдігін ұғындыру; Отанды сүю, туған ортаны қадірлеу және құрметтеу сезімдерін нығайту; Абай мұрасына қызығушылықты арттыру.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы
I. Ой қозғау
Оқушыларға төмендегі өлең жолдарын ұсынып, авторын анықтауға жетелейміз:
Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Бүгінгі сабағымыз қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналады.
Абайдың өмір жолы
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі Құнанбай — білімді, беделді адам. Анасы Ұлжан — қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай жан еді. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі мен аңыз-әңгімелер айтып, тәрбиесіне ерекше ықпал еткен.
Құнанбай Абайды 9 жасында Семейдегі діни мектепке оқуға береді. 13 жасында үш ай орыс мектебінде оқиды. Кейін Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын көп оқып, қазақ тіліне аударған.
Аудармалары мен әндері
Абай Пушкиннің, Лермонтовтың және Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар кейбір аудармаларына әуен де шығарған. Мысалы, Пушкиннен аударылған Татьяна әні және Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңіне жазылған ән кең таралған.
Абай қазақ халқын білім мен мәдениетке ұмтылуға, басқа халықтармен, соның ішінде орыс халқымен достық қарым-қатынас орнатуға үндеді.
Әдеби мұрасы және ықпалы
Абай — қазақтың ұлы ақыны, композиторы және жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның мұрасын танытуда Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы айрықша орын алады.
Танымал еңбектері
- 45 қара сөз
- «Көзімнің қарасы»
- «Айттым сәлем, Қаламқас»
- «Ғылым таппай мақтанба»
Еске алу, құрмет
Қазақстанның көптеген мектептері мен көшелері Абай есімімен аталады. Сондай-ақ Абай атындағы қала мен аудан бар.
Негізгі ой
Абай шығармалары халқымыздың тарихын, дүниетанымын, әдет-ғұрпы мен салт-санасын терең танытады.
Деңгейлік тапсырмалар
1) Сұрақтар
- Абай балалық шағында немен айналысты?
- Әкесінің, анасының және әжесінің аты кім?
2) Тірек сызба
3 оқушы тірек сызба жасап, қорғайды: Абайдың өмірі, білімі, аудармалары, әндері, негізгі шығармалары.
3) Сөйлемдерді толықтырыңыз
- Қарағандыда көптеген кітапханалар бар, олардың ішінде ең үлкен кітапхана — __________.
- Кітапханаларда ұлы жазушылардың __________, ұлы ақындардың __________ бар.
- Мен кітап дүкенінен Абайдың __________ сатып алдым.
- Сенің үйіңде Абай Құнанбайұлының __________ бар ма?
Сабақты қорытындылау
Абайды ардақтау және адамзат үшін асыл қазына саналатын ақын мұрасын терең оқып-үйрену — бәріміздің парызымыз. Бүгін де, ертең де, келешек ұрпақ үшін де Абай тағылымын зер сала меңгерудің маңызы зор. Халқымыздың адамзат тарихындағы орны, әдет-ғұрпы мен салт-санасы Абай шығармаларында кеңінен көрініс табады.
Үй тапсырмасы
Абай Құнанбайұлы туралы реферат жазу.