Қасиеттер терезесі

Сабақтың тақырыбы

Visual Basic визуальды бағдарламалау жүйесі.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларда визуальды бағдарламалау туралы түсінік қалыптастыру.
  • Базалық компоненттердің тағайындалуын, қасиеттерін, оқиғаларын және әдістерін білу және оларды есептерді шешуде қолдана алу.
  • Visual Basic ортасында процедура ұғымын, код терезесінің құрылымын және негізгі жұмыс принциптерін меңгерту.
  • Double, Single сандық айнымалыларын, сондай-ақ MsgBox және InputBox функцияларын қолдана білу.
  • Visual Basic бағдарламалау ортасы бойынша алынған білімді жүйелеу.

Дамытушылық және тәрбиелік міндеттер

  • Есте сақтау қабілетін, зейінін және белсенділігін дамыту.
  • Теориялық білімді практикамен ұштастыра білуге үйрету.
  • Тапсырмалар арқылы танымдық қабілетті дамыту және шығармашылық мүмкіндіктерді ашу.
  • Өз бетімен жұмыс істеуге, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Ақпаратты алу және қолдану біліктілігін қалыптастыру, еңбекке баулу.

Көрнекіліктер

  • Сөзжұмбақ
  • Тапсырмалар
  • Қайталау сұрақтары
  • PowerPoint
  • Visual Basic

Техникалық құралдар

  • Компьютер
  • Интерактивті тақта

Сабақтың әдісі

Аралас сабақ. Пәнаралық байланыс: геометрия, алгебра.

Сабақтың барысы

  1. I Ұйымдастыру
  2. II Миға шабуыл
  3. III Жаңа тақырып
  4. IV Топқа бөлу: a) Жоба b) Қасиеттер
  5. V «Кім жылдам?» (практикалық жұмыс)
  6. VI Бекіту, бағалау, үй тапсырмасы: оқулықтағы 86-бет.

Ой қозғау (өткенді қайталау)

Сабақ барысында өткенді бекіту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Өткен сабақта PowerPoint негіздері: презентация, слайдтармен жұмыс, безендіру және анимация жасау тақырыптары қарастырылды. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

1-сұрақ

PowerPoint дегеніміз не? Ол қандай мақсатта қолданылады?

2-сұрақ

Безендіруді (дизайнды) қалай жүзеге асырамыз?

3-сұрақ

Анимацияны баптау қандай жолмен орындалады?

Жаңа тақырып: Visual Basic-та бағдарламалау негіздері

Бұл сабақта кең тараған бағдарламалау тілдерінің бірі — Visual Basic жүйесінің негіздерін меңгеруді бастаймыз. Visual Basic — құралдардың үлкен жиынтығы бар графикалық орта: онда пішіндер мен графикалық объектілерді көрнекі түрде құрастыруға болады.

Visual Basic бағдарламалау тілі — көпке таныс BASIC стандарттық тілінің кеңейтілген нұсқасы. Ол алгоритмдеу негіздерін игеруге және Windows қолданбаларының ерекшеліктерін үйренуге өте қолайлы, әрі әртүрлі деңгейдегі қуатты қолданбалар жасауға мүмкіндік береді.

Жасалып жатқан бағдарламаларда Windows API құралдарын пайдалану қолданбаның мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге жол ашады.

Visual Basic-ті іске қосу

Visual Basic-ті іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңдар: Пуск → Visual Basic. Іске қосылғаннан кейін экранда Project Wizard (жобалар менеджері) және New Project терезесі пайда болады.

New Project терезесінің беттері

New

Жаңа қолданба үшін шаблон таңдау.

Existing

Қолданыстағы жобаны таңдау (бұрын сақталған өз жобаң немесе басқа біреудің жобасы болуы мүмкін).

Recent

Жақында пайдаланылған жобалар тізімі (соңғы жұмыс істеген жобаларың ғана көрсетіледі).

Біз жаңа жоба бастаймыз. Сондықтан New бетінен Standard EXE таңбашасын екі рет шертіңдер. Осыдан кейін жаңа жоба терезесі ашылады: үнсіздік бойынша атауы Project1. Қажет болса, оны кейін өзгертуге болады.

IDE: Visual Basic-тің интеграцияланған ортасы

Visual Basic ортасы (IDE) — қолданбаның құрамдас бөліктері құрастырылатын және бағдарламаланатын негізгі орта. IDE бірнеше элементтен тұрады:

  • Басты меню
  • Инструменттер панелі
  • Жоба терезесі
  • Қасиеттер терезесі
  • Пішін макетінің терезесі
  • Элементтер панелі
  • Пішіндер конструкторы
  • Объектілерді қарау терезесі

Негізгі элементтерге қысқаша түсінік

Басты меню

Visual Basic терезесінің жоғарғы бөлігіндегі мәтін жолы. Windows қолданбаларындағы мәзірлерге ұқсас. Сол жақтағы File мәзірі жобаны құрайтын файлдармен жұмыс істеуге арналған: жоба құру, ашу, басып шығару және сақтау.

Инструменттер панелі

Басты менюдің астында орналасады және жиі қолданылатын командаларға тез қол жеткізуге мүмкіндік береді. Егер панель көрінбесе, мына команданы орындаңдар: View → Toolbars → Standard.

Жоба терезесі

Қолданбаны құрайтын барлық объектілер жобаға біріктіріледі. Объектіде тышқанның оң жақ батырмасын басқанда контекстік мәзір ашылады. Бұл мәзір қажетті әрекеттерді жылдам орындауға көмектеседі және уақытты үнемдейді.

Қасиеттер терезесі

Қасиет — объектінің атрибуты: өлшемі, түсі, экрандағы орналасуы, күйі және басқа сипаттамалары. Visual Basic-тегі барлық объектілердің қасиеттері болады. Мысалы, пішіннің өлшемі, фон түсі, тақырыбы; батырманың өлшемі, түсі, жазуы — бұлардың бәрі қасиеттерге жатады.

Қасиеттердің жиі кездесетін түрлері

  • Логикалық қасиеттер
  • Жолдық қасиеттер
  • Оналтылық қасиеттер
  • Файлдық қасиеттер

Практикалық бөлім: «Кім жылдам?»

Төмендегі тапсырмалар бойынша бағдарлама құрыңдар:

1) «Мұнайлы ауданы №3 орта мектеп»

10-сыныпқа арналған шағын бағдарламаны құрастыру.

2) Пішінде сурет салу

Пішіннің ішінде қарапайым графикалық элементтерді салатын бағдарлама құру.

3) «ИФМ апталығы»

Апталыққа арналған ақпараттық бағдарлама құру (мәзір/батырмалар арқылы).

4) «Бағдаршам»

Бағдаршамның жұмысын модельдейтін бағдарлама құру.

Қорытынды

Бекіту және бағалау

Сабақ соңында негізгі ұғымдар бекітіледі, практикалық жұмыстар тексеріліп, нәтижелері бойынша бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы 86-бет.