Алма мен жұмыртқа салаты
Алма мен жұмыртқа салаты
Өте оңай әрі қарапайым салат. Жеңіл, балғын дәмі күнделікті дастарқанға да, қонақ күтуге де жарасады.
Қажетті өнімдер
-
Алма — 1 дана
-
Жұмыртқа — 2 дана
-
Майонез — 3 ас қасық
-
Тұз — қалауыңызша
Дайындау жолы
-
1
Алманы үккіштен өткізіңіз немесе жұқа, ұзынша етіп майда тураңыз.
-
2
Жұмыртқаны қайнатып пісіріңіз. Суытып, қабығын аршыңыз да, ұзынша етіп тураңыз немесе үккіштен өткізіңіз.
-
3
Барлығын ыдысқа салып, майонез бен тұз қосып жақсылап араластырыңыз.
-
4
Қалауыңызша әрлеп, дастарқанға ұсыныңыз.
Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған
Асыл