Ыңғайлас салаластың жалғаулықтары
Қазақ тілі (8-сынып)
Сабақтың тақырыбы: себеп–салдар салалас құрмалас (жаттығу орындау).
Сабақтың мақсаты
Білімділік: себеп–салдар салаластың құрмаласу жүйесін, тыныс белгілерін және жасалу жолдарын теориялық әрі практикалық тұрғыда меңгерту.
Дамытушылық: ойды жүйелі жеткізу дағдысын жетілдіру, тілдік талдауды сауатты әрі дағдылы түрде орындау машығын тереңдету.
Тәрбиелік: отбасын құрметтеуге, сүюге баулу арқылы Отан алдындағы міндет пен борышты ұғындыру.
Сабақтың түрі
Пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі
Салыстыру
Көрнекілігі
Слайд, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы
I кезең
Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Назарларын сабаққа аудару.
II кезең
Үй жұмысы
Слайд және қима қағаздар бойынша сұрақ-жауап.
- 1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- 2. Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің айырмашылығы қандай?
- 3. Салалас құрмалас дегеніміз не?
- 4. Салалас құрмаласты жасауға қандай шылаулар қатысады?
- 5. Салаластың мағыналық түрлері нешеу?
- 6. Ыңғайлас салалас қалай жасалады?
- 7. Ыңғайлас салаластың жалғаулықтары қандай?
- 8. Себеп–салдар салалас деген не?
- 9. Себеп мәнді салалас деген не?
- 10. Салдар мәнді салалас деген не?
- 11. Себеп–салдар салалас жалғаулық шылаусыз байланысқанда қандай тыныс белгісі қойылады?
- 12. Себеп–салдар салаластың жалғаулық шылауларын атаңдар.
Жаңа сабақ
Слайд бойынша жұмыс
Тапсырма: «Сөйлемді жалғастыр». Бірінші жай сөйлем беріледі; оқушы сөйлемді аяқтап, себеп–салдар салалас құрмалас құрайды және ауызша талдайды.
1. Адамзат өз отбасын қорғауға міндетті, өйткені… (отбасының жауапкершілігін сезіну керек)
2. Өз туған тіліңді білу — парыз, себебі… (ол ата-анаңның қасиетті мұрасы)
3. Үлкендер туған жердің тарихы мен әдебиетін жетік біледі, сол себепті… (оларды көп тыңда)
4. Ата-анаңды құрметте, себебі… (олар — сенің тіреуішің)
5. Білім берген ұстаздарыңды әрқашан есіңде ұста, өйткені… (сенің аяққа тұруың үшін олар да еңбек етті)
Оқулықпен жұмыс
Жаттығулар
103-жаттығу
Берілген жай сөйлемдерден себеп–салдар салалас құраңдар. Алдымен жалғаулық шылаусыз, кейін жалғаулық шылаулар арқылы байланыстырыңдар.
104-жаттығу
Бірінші және екінші топтағы сөйлемдерді құрмаластырыңдар. Құрмаластың себеп мәнді ме, әлде салдар мәнді ме екенін ажыратыңдар.
Қорытынды жұмыс: семантикалық карта толтыру.