Кремний - жер қыртысының негізі

Сабақтың тақырыбы

Кремний және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Кремнийдің периодтық жүйедегі орнын, қасиеттерін электрондық оқулық арқылы көрсету; табиғаттағы маңызын, құрылысын және қолданылуын түсіндіру.

Дамытушылық

Теориялық білімді жүйелеу, логикалық ойлауды дамыту; кремнийдің химиялық қасиеттерін зерттеу арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.

Тәрбиелік

Өзін-өзі бағалауға, бірлесіп жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Негізгі параметрлер

Сабақтың типі
Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың түрі
Панорамалық сабақ
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, математика, тарих

Әдіс-тәсілдер мен көрнекілік

Сабақтың әдісі
Сатылай талдау, тірек-сызба, сұрақ-жауап, жұмбақтар, электрондық оқулық
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру бөлімі

    Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін нақтылау.

  2. II. Ой қозғау кезеңі

    Графикалық диктант: оқушылар тұжырымдарға «Иә» немесе «Жоқ» деп белгілейді.

    2030 — біздің парызымыз,
    Жетістікке бастайды әр ісіміз.
    Өркениетті елімізді көркейтетін,
    Химияны оқу — парызымыз.

    Мұғалімнің кіріспе сөзі

  3. III. М. В. Ломоносовтың химия ғылымына қосқан үлесі

    Оқушылар алдын ала қосымша материал әзірлеп, қысқаша мәнжазба түрінде таныстырады.

  4. IV. Қосымша хабарламалар

    1) Кремнийдің ашылу тарихы

    Кремний — жер қыртысының негізгі элементтерінің бірі. Латынша атауы silicium, ал табиғаттағы ең кең таралған қосылыстарының бірі — құм құрамындағы кремнезем (SiO2).

    1823 жылы швед химигі И. Я. Берцелиус кремний фторлы калийге калий қосып, қыздыру арқылы кремнийді бөліп алғанын хабарлады және жаңа элементті «силиций» деп атады.

    1834 жылы академик Г. И. Гесс «кремний» атауын ұсынды. Бұл атау гректің kremnos — «жартас, шың, құз» деген сөзінен туындайды.

    2) Кремнийдің табиғатта таралуы

    Кремний — табиғатта оттегінен кейінгі ең көп таралған элемент. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі шамамен 25%.

    Кремний табиғатта еркін күйінде емес, көбіне қосылыс түрінде кездеседі: әртүрлі силикаттарда, сондай-ақ өсімдіктердің (әсіресе қырықбуындылар мен бамбуктың) құрамында болады.

    Кремний кейбір микроорганизмдер мен тірі организмдердің құрамында да ұшырасады. Адам ағзасында кремний мөлшері шамамен 0,1%, алайда оның биологиялық рөлі толық анықталмаған.

    3) Кремнийдің қолданылуы

    Таза кремний көбіне темір, мыс, алюминий, қорғасын сияқты металдармен құйма түрінде пайдаланылады.

    Аса таза кремний күн фотоэлементтерін жасауға қолданылады. Күн батареялары ғарыш кемелерін электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Кремний — шалаөткізгіш материал: ол диодтар, триодтар, радиотехникадағы қабылдағыш және күшейткіш элементтер, сондай-ақ әртүрлі электрондық құрылғылар өндірісінде кең қолданылады.

    Сонымен бірге кремний қосылыстары шыны, цемент және өзге де құрылыс материалдарын өндіру үшін маңызды.