Жас ұландар және Жас қырандар
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
«Брейнг-ринг» ойыны (танымдық сайыс, слайдпен)
Сабақтың мақсаты
Жаратылыстану ғылымдарының құпиясы мен қызығы мол екенін көрсете отырып, ойын элементтері арқылы оқушыларды өздігінен ізденуге, топпен жұмыс істеуге және ұйымшылдыққа баулу. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, биология, география, физика және математика пәндеріне қызығушылығын күшейту.
Әдісі мен түрі
- Әдісі:
- СТО технологиясының элементтері
- Түрі:
- Дәстүрлі емес
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайд-шоу
- Мақтау қағазы
- Жетондар
- Т.б.
Сабақтың барысы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Бүгінгі дарынды балаларға арналған «Брейнг-ринг» танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Қатысушы топтар
Сайысқа 7-сынып оқушыларынан құралған екі топ қатысады: «Жас ұландар» және «Жас қырандар». Олар өз білімдері мен біліктерін ортаға салып, тапқырлығы мен ұйымшылдығын көрсетеді.
Қазылар алқасы
Ойынды әділ бағалайтын қазылар алқасының мүшелері сайланады. Оларға бағалау парақтары жетондармен бірге таратылады.
Сайыстың кезеңдері
-
I
Топтардың өзін-өзі таныстыруы
Топ басшысы таныстырады: «Жас ұлан» және «Жас қыран» өлең жолдарымен таныстырып, бір-біріне сәттілік тілейді.
-
II
Білгірлер жаттығуы
Жылдам сұрақ-жауап арқылы білімді бекіту.
-
III
«Брейнг-ринг» ойыны
Негізгі кезең: ой ұшқырлығы мен командалық үйлесім сыналады.
-
IV
Көрнекі-бейнелеп ойлау
Сурет, слайд және бейнелік тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
-
V
Көрнекі-әрекеттік ойлау
Практикалық әрекет арқылы шешім табуға бағытталған тапсырмалар.
Жүргізуші сөзі
Өлең жолдары Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру — емеспе тілегі елдің. Бүгін осы сайыста жеңіске жет, Білімді әрі білікті жас жеткіншек!
Осылайша сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
Топ басшыларын шақыру
Жігіттің сұлтаны бар ел бастаған, Қыздардың қыздары бар ел мақтаған. Екі топтың басшылары топ бастаған — Сіздерді топ басшылар сайысына шақырамыз.
Келесі кезең — II. «Білгірлер жаттығуы».
II кезең: «Білгірлер жаттығуы»
«Жас ұлан» тобына арналған сұрақтар
-
1) Гринвич сызығы қай қала арқылы өтеді?
Жауабы: Лондон
-
2) «Математик болу үшін ақынжанды болу керек» — бұл кімнің сөзі?
Жауабы: Софья Ковалевская
-
3) Тұщы суда тіршілік етеді, жыртқыш, олжасын шапшаң аулайды. Табаны бар, іші қуыс, денесі қос қабатты. Бұл не?
Жауабы: гидра
-
4) Астрономия нені зерттейді?
Жауабы: аспан денелерін
-
5) Дүние жүзіндегі ең биік орналасқан көл қайсы?
Жауабы: Титикака (Оңтүстік Америка, 3810 м)
-
6) Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?
Жауабы: энтомология