Көптеген оқушылар

Сауат ашу сабағы: «О» дыбысы мен әрпі

Бұл сабақта оқушылар «О» дыбысын есту, айту, тану және оны әріппен сәйкестендіру дағдыларын дамытады. Сабақ барысы тыңдалым, сұрақ-жауап, топтық жұмыс және ойын элементтері арқылы ұйымдастырылады.

Оқу мақсаттары

  • 1.2.9.1 — әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
  • 1.1.7.1 — тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру.
  • 1.1.9.3 — сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

«О» әрпімен танысады, дыбысты дұрыс айтып үйренеді.

Көптеген оқушылар

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар

Алған білімін күнделікті өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
  • Нақты, түсінікті сөйлеу арқылы мәселені ұққанын көрсете алады.

Тілдік мақсаттар, құндылықтар және байланыстар

Тілдік мақсат

«О» дыбысы мен әрпі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Өнер, әдебиеттік оқу.

АКТ дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым, слайд.

Сабақтың басы: психологиялық тренинг

Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.

Мұғалімнің бағыттауы: «Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезіну қандай тамаша! Бұл — қуаныш пен бірліктің белгісі».

Б. Бөрібаев

Сұрақ-жауап (ұжымдық жұмыс)

1) Дыбыс дегеніміз не?
Дыбысты айтамыз және естиміз.
2) Әріп дегеніміз не?
Әріпті жазамыз және көреміз.
3) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз.

Топпен жұмыс: «Әріптер сөйлейді»

Қызығушылықты ояту: «Сурет сыры»

Оқушылар суреттерге қарап, ортақ дыбысты анықтайды: орамал, ошақ, оқтау.

Жұмбақтар

  1. Оюда бармын,
    Допта бармын,
    Түнде жоқпын.
    Мен сонда қандай дыбыспын? Жауабы: О
  2. Сақинаға қарайық,
    Ұқсайды оған қай әріп? Жауабы: О

Дыбысты дұрыс айту

Оқушылар «О-О-О» дыбысын 3 рет хормен қайталайды.

«О» қандай дыбыс?
«О» — дауысты дыбыс, жуан айтылады. Бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай, еркін шығады.

«О» дыбысына байланысты сөздер ойлап көрейік.

Сабақтың ортасы: тыңдалым және талқылау

№1 Тыңдалым

  • Балалар кешірім сұрау үшін қандай сөздер қолданады?
  • Арал мен Оралдың мұндай іс-әрекеттеріне қалай қарайсыңдар?

Сергіту сәті (1 минут)

Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?

Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы.
Нешеу болды барлығы?

Аяқталуы: жұппен жұмыс

№3 Сыныптасыңмен ізден

Сыныптасыңмен бірге мысал келтіріп, сөйлем құраңдар:

Олар ........................................

Олар ........................................

Сабақтың соңы: рефлексия және қорытынды

Рефлексия

Бүгін біз не үйрендік?
Бүгін біз «О» дыбысы мен әрпімен танысып, оны жазуды үйрендік.

«Білім ағашы» әдісі

Оқушылар сабақтан алған әсерін стикерге жазып, «Білім ағашына» жапсыру арқылы көрсетеді.