Орталық және Шығыс Қазақстан экономикалық аудандарын туралы мәлімет ала отырып, салыстырып сипаттама беру
Қызылорда облысы • Арал ауданы • Қызылжар елді мекені
№81 орта мектеп • География пәнінің мұғалімі: Ақбергенова Салтанат Асылбаевна
Орта мерзімдік сабақ жоспары (4 сабақ)
Бұл жоспар 9-сынып оқушыларына Шығыс Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуетін, халықтың орналасуын, экономикалық-географиялық жағдайын және шаруашылық құрылымын жүйелі түрде меңгертуге бағытталған. Сабақтарда карта және атласпен жұмыс, салыстыру, талдау, жинақтау, формативті бағалау әдістері басым қолданылады.
Негізгі құралдар
Карта, атлас, кескін карта, АКТ материалдары, кестелер, постер
Дағдылар
Сипаттау, салыстыру, дәлелдеу, қорытындылау, зерттеу
Картографиялық жұмыс
Нысандарды картадан көрсету, орналасу заңдылықтарын анықтау
Бағалау
Формативті бағалау, топтық бағалау, өзін-өзі бағалау
1-сабақ
Шығыс Қазақстан
Мақсаты және күтілетін нәтиже
Оқушылар Шығыс Қазақстанның халқы, табиғи ресурстары және экономикалық-географиялық жағдайы туралы мәлімет алып, білімдерін толықтырады.
Білу
Жер көлемін, орналасқан жер бедерін, негізгі байлықтарын, кен орындарын, халқының орналасуын, өзен-көлдерін картадан көрсетіп, орналасу ерекшеліктерін анықтайды.
Түсіну
Қазақстанға жалпы сипаттама беріп, картадағы орналасу ерекшеліктерін түсінеді.
Қолдану
Картамен жұмыс арқылы практикалық дағдыларын дамытады.
Талдау
Географиялық орнын, өзен-көлдерін және кен орындарын зерттеп, салыстырады.
Жинақтау
Негізгі байлықтарын және халықтың орналасу ерекшеліктерін сипаттайды.
Бағалау
Оқушыдан сабақ сұрау (ауызша жауаптар, карта бойынша тапсырмалар) арқылы бағаланады.
2-сабақ
Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы
Мақсаты және күтілетін нәтиже
Өнеркәсіп, кен орындары, энергетика және шаруашылық салаларының орналасу ерекшеліктерін салыстыру және сипаттау арқылы білімін тереңдетеді.
Білу
Маманданған шаруашылық салаларын, су ресурстарының маңызын, пайдалы қазбаларды және металлургия салаларын сипаттайды.
Түсіну
Зерттеушілік әңгіме негізінде өнеркәсіп мамандануы мен ауыл шаруашылығы туралы түсінігін қалыптастырады.
Қолдану
АКТ арқылы өнеркәсіп орындары мен шаруашылық туралы материалдарды жинақтап, картамен жұмыс жасайды.
Талдау
Өнеркәсіптердің орналасуын саралап, шаруашылық ерекшеліктерін талдайды.
Жинақтау
Өзендердің құндылығын (ресурс, энергетика, шаруашылықтағы рөлі) анықтайды.
Бағалау
Топтық бағалау және өзін-өзі бағалау парақтары арқылы формативтік бағалау нәтижесінен жиынтық баға шығарылады.
Үй тапсырмасы
Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы беріледі.
3-сабақ
Қалалары, селолық елді мекендері және экономикалық-экологиялық проблемалары
Мақсаты және күтілетін нәтиже
Өңірдің басты қалаларын, қалалардың мамандануын және өңірге тән экономикалық-экологиялық проблемаларды анықтау арқылы білім алушылардың іс-әрекеттік дағдылары дамиды.
Білу
Маманданған салалардың маңызын және негізгі проблемаларды анықтайды.
Түсіну
Басты кәсіпорындар, зауыттар, СЭС және ЖЭС орналасуы бойынша кесте құрып, түсінігін қалыптастырады.
Қолдану
Атласты пайдаланып, оқулықтағы өнеркәсіп тораптарының орналасуын табады және олардың қай шаруашылық түріне тиімді екенін анықтайды.
Талдау
Су қоймаларының жағдайының адам өміріне және шаруашылық әрекетке әсерін саралайды.
Жинақтау
Венн диаграммасы арқылы кәсіпорындардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, топтық бағалау және өзін-өзі бағалау қолданылады.
Үй тапсырмасы
- Тақырып: Семей ядролық полигоны.
- A және B деңгейіндегі оқушылар: слайд дайындап келу.
- C деңгейіндегі оқушы және сынып оқушылары: реферат жазып келу.
4-сабақ
Сарамандық жұмыс
Мақсаты және күтілетін нәтиже
Орталық және Шығыс Қазақстан экономикалық аудандары туралы мәліметтерді жинақтап, салыстырмалы сипаттама береді. Оқушылардың шығармашылық қабілеті дамып, ауызша сыни көзқарас қалыптасады.
Білу
Экономикалық аудандар ерекшеліктері арасындағы байланыстарды түсіндіреді.
Түсіну
Өнеркәсіп тораптарын салыстыра сипаттап, ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерді түсіндіреді.
Қолдану
Қазақстанның экономикалық аудандары карталарын пайдаланып, айырмашылықтары бойынша постер жасайды.
Талдау
Аудандар ерекшелігін айқындайтын үш дерек және үш пікір келтіріп, ой қорытындысын жасайды. Сәйкестендіру кестесін толтырады.
Жинақтау
АКТ көмегімен экономикалық аудандар туралы мәліметтерді жинақтап, кескін картаға белгілейді.
Бағалау
«5 жол өлең» әдісі арқылы сабақ қорытындыланады. Формативті бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
Толық нұсқасын жүктеу.
Қысқаша қорытынды
Назардағы негізгі мазмұн
- Табиғи ресурстар және экономикалық-географиялық жағдай
- Халықтың орналасуы және қоныстану ерекшеліктері
- Өнеркәсіп, энергетика және ауыл шаруашылығы мамандануы
Оқушы әрекеті
- Картамен жұмыс және нысандарды дәл көрсету
- Салыстыру, дәлелдеу, кесте мен диаграмма құру
- АКТ арқылы ақпарат жинау және ұсыну
Бағалау мәдениеті
- Формативті бағалау және кері байланыс
- Топтық және өзін-өзі бағалау
- Қорытындылау тапсырмалары (постер, 5 жол өлең)