Семантикалық картамен жұмыс, сары түсті пайдалану
Солтүстік Қазақстан облысы • Қызылжар ауданы • Шаховское селосы
Мұғалім: Рияпова Толқын Алпысбайқызы
Тақырып: Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушылардың грамматикалық білімін тереңдету.
- Жаңа мәтінді меңгерту.
- Жаңа сөздерді дұрыс қолдануға дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге үлес қосу.
- Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімін дамыту.
- Сөйлеу мәдениетін арттыру, өзін-өзі бағалауға үйрету.
- Басқаның көзқарасын тыңдап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Шығармашылық қабілетін дамыту.
- Ой қорыту және дәлелдеу дағдыларын жетілдіру.
- Ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру.
Әдістер мен ресурстар
Қолданылатын әдістер
- баяндау
- мәнерлеп оқу
- кесте толтыру
- жаңа сабақты түсіндіру
- зерттеу жұмысын қорғау
- Венн диаграммасы
- суретпен жұмыс
- қойылым
- сұрақ-жауап
Сабақтың жабдығы
- слайдтар
- үлестірме қағаздар
- музыка
- бағалау парағы, семантикалық карта
- суреттер, көрініс материалдары
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, информатика, сурет, әдебиет, ән-күй, тарих.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, бүгінгі сабақтың маңызын атап өтемін. Психологиялық ахуалды қалыптастырып, олардың білім деңгейіне сенім білдіремін. Сабақтың айдарына назар аудартамын.
Сабақтың айдары: “Үш бақытым” (М. Мақатаев)
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу, Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Өлеңдегі “үш бақыт” ұғымын талдай отырып, оқушыларды үй тапсырмасына бағыттаймын.
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларға кесте түріндегі тапсырма жазылған парақшалар таратылады. Мақсат — баланың көңіл күйін байқау, қобалжуын азайту және тапсырманы сенімді орындауына қолдау көрсету.
Жылы сұрақтар
- Бүгін көңіл күйің қалай?
- Ауа райы қандай?
- Бүгін қандай көңіл күймен ояндың?
Пысықтау жұмысы
Сұрақ-жауап арқылы сын есім туралы үйде оқыған ережені еске түсіреміз. Орнында отырған оқушылар парақшадағы зат есім тақырыбына толық талдау жасайды. Осылайша өткен тақырып пен үй жұмысы қатар бекітіледі.
Жаңа сабақты түсіндіру (сурет арқылы)
Тақтадағы слайд арқылы Бәйтерек және Мұз айдыны суреттері көрсетіледі. Суреттер негізінде сын есімнің мағыналық түрлерін ашамыз, мысал келтіріп, ережесін өзіміз тұжырымдаймыз.
Мысал сөздер
Оқушылар айтқан сөздер тақтаға жазылып, сол арқылы ортақ ереже құрастырылады. Кейін сөздердің қайсысы сапалық, қайсысы қатыстық екені талданады.
Кітаппен жұмыс
Дәптерге күннің жадын және тақырыпты жазып, жаттығулар орындалады.
128-жаттығу
Мақалдар құрамындағы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажырату.
129-жаттығу
Сын есімдерді тауып, сапалық және қатыстық болып топтау; негізгі және туынды түрін анықтау.
Жұмбақ шешу (халықтық педагогика)
Зынданда отырған қызыл бикештің шашы көшеде.
Жауабы: сәбіз
Өзі қысқа, өзі нұсқа, сөз қаймағын есіңде ұста.
Жауабы: мақал
Сол аяқ пен оң аяқ, кезек оны тебеді. Ол тынымсыз домалап, зыр жүгіре береді.
Жауабы: доп
Бір көзім “Кідір” дейді, бір көзім “Жүгір” дейді. Бір көзім “Абайла” дейді, “Қарап ал маңайға” дейді.
Жауабы: бағдаршам
Терме диктант (слайд арқылы)
Оқушылар берілген сөздердегі түсіп қалған әріптерді толықтырып, сын есімдерді табады және мағыналық түріне қарай ажыратады.
Сергіту сәті: психологиялық жағдаят
Әрбір адам?
Кімім? — Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ?
Не істеу? — Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісім?
Не? — Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзім?
Қандай? — Шындық, бірлік, адамдық
Семантикалық картамен жұмыс
Семантикалық карта тапсырмасында сары түсті қолданамын. Сары түс жылулықты білдіреді, себебі күннің түсі — сары. Күннен жылу алсақ, бұл карта арқылы білім нәрін аламыз.
Қорытындылау және білімді тексеру
Қорытынды кезеңде зерттеу барысын және білімді тексеруді жасыл түспен белгілеу арқылы ұйымдастырамын. Оқушылар шағын тест орындайды.
Шағын тест
- Сын есімнің мағыналық түрі қанша?
а) екеуә) алтауб) бесеув) төртеу
- Сапалық сын есімдерді табыңдар:
а) аппақ, сап-сары, жақсыә) ақылды, ойлы, таулыб) ұзын бойлы, кең иықты, арқар мүйіздів) күзгі, елсіз, боранды
- Негізгі сын есімді табыңдар:
а) көмірдейә) жайлаудайб) сарыв) сүтті
- Туынды сын есімді табыңдар:
а) жақсыә) алысб) асырандыв) жасыл
- Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ:
а) –лыә) –шаңб) –ағанв) –ы
- Есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақ:
а) –уліә) –шақб) –ғырв) –шең
- “Тоғайлы” сөзі қандай сын есім?
а) негізгіә) сөз бірігуінен жасалғанб) туындыв) күрделі
- “Гүл” сөзін анықтап тұрған сын есім:
а) көмірдейә) әдеміб) толықв) дөңгелек
- Қатыстық сын есім:
а) жасылә) шырайлыб) жеңілв) жаман
- Қатыстық сын есім қатысып тұрған мақалды белгілеңдер:
а) Жақсы – ісімен жақсы.ә) Сулы жер – нулы жер.б) Арулар – асыл жандар.в) Әсем таулар, бақша-баулар көрікті.
Тіл мәдениетін дамыту кезеңі
Жауаптарды талқылау барысында сөзді дәл қолдану, ойды жүйелі жеткізу, сөйлеу әдебін сақтау талаптары еске түсіріледі.
Бағалау және кері байланыс
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады. Рефлексия үш сұрақ арқылы жүргізіледі:
-
Нені білемін?
Өз білімін нақтылау, негізгі ұғымдарды атау.
-
Не үйрендім?
Жаңа білімді тұжырымдап жазу.
-
Нені үйренгім келеді?
Келесі қадамды жоспарлау.
Үйге тапсырма
131-жаттығу
“Білім жолы – нұрлы жол” тақырыбында сын есімдерді қатыстыра отырып, шағын мәтін құрастыру.