Дененің электрленуі
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Мектеп
Сәтбаев қаласы, №3 орта мектебі КММ
Мұғалім
І санатты физика пәнінің мұғалімі — Жунусова А.Д.
Сабақтың тақырыбы
§28. Дененің электрленуі. Электр заряды
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға дененің электрленуі және зарядталған денелер арасында әсер ететін күштер туралы түсінік беру, негізгі ұғымдармен таныстыру.
2) Тәрбиелік
Күнделікті өмірде дененің электрленуінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге үйрету, электр энергиясын ұтымды пайдалануға баулу.
3) Дамытушылық
Электр өрісінің техникалық және практикалық маңызын түсіндіру. Іскер, ізденімпаз, шығармашыл, интеллектуалдық қабілеті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.