Топ жетекшілер сайысы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Көпмүше және оларға қолданылатын амалдарды қайталау, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тақырыптарын бекіту, есеп шығару біліктілігін пысықтау.
Дамытушылық
Оқушының ой-өрісін кеңейту, саналы түсінуін қалыптастыру, шығармашылық дамуына жағдай жасау.
Тәрбиелік
Алғырлыққа, шапшаңдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу, командалық жұмыс мәдениетін нығайту.
Сабақ жоспары
-
1
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, қатысымын және дайындықтарын тексеру, сыныпты үш топқа бөлу.
-
2
Үй тапсырмасын тексеру
Әр топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардың үй тапсырмасын тексереді.
-
3
Танымдық сайыс
Сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдарды қайталау.
-
4
«Ойлан, тап»
Ауызша есептеу тапсырмаларын орындау.
-
5
Біліктілік сайысы
Тестік жұмыс арқылы білімді тексеру.
-
6
«Кім жылдам?»
Есептер шығару арқылы жылдамдық пен дәлдікті дамыту.
-
7
Топ жетекшілер сайысы
Оқулықпен жұмыс: 3 деңгейлі жаттығулар.
-
8
Логикалық сұрақтар
Сергіту сәті: тапқырлыққа арналған сұрақтар.
-
9
Бағалау, қорытындылау
Бағалау парақтарындағы ұпайлар бойынша қорытынды жасап, бағаларды қою.
-
10
Үйге тапсырма
Бақылау жұмысына дайындалу.
Танымдық сайыс
Формат: сұрақ-жауап
- 1. Көпмүше дегеніміз не?
- 2. Көпмүшенің дәрежесі дегеніміз не?
- 3. Көпмүшенің мүшелері дегеніміз не?
- 4. Көпмүшелерді қалай қосамыз?
- 5. Бір көпмүшеден екінші көпмүшені азайту дегеніміз не?
- 6. Бірмүшені көпмүшеге көбейту дегеніміз не?
- 7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту дегеніміз не?
- 8. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не?
- 9. Көпмүшені көбейткіштерге қалай жіктейміз?
«Ойлан, тап»
Ауызша есептеу
Тапсырмалар
- 1)a²(2a − 3)
- 2)5a + (13 − 2a)
- 3)7 − (3c + 4)
- 4)(4b + 1) − 4b
- 5)2x(x² + 3x − 6)
- 6)(3y − 5) · 2y²
Біліктілік сайысы
Тестік жұмыс
1) Ұқсас бірмүшелерді көрсет
1) 7xy; 2) −15; 3) 3xy; 4) −15xy
- A. 1, 3
- Ә. 1, 3; 2, 4
- Б. 1, 4
2) Қай өрнек көпмүше бола алмайды?
1) 5c + a; 2) 3x² + y + 1; 3) 7c²b²
- A. 1, 2
- Ә. 3
- Б. 2, 3
3) Көпмүшені стандарт түрде жаз
y³ · y⁵ − 3y · y · y⁵ + 9a²
- A. y⁸ − 1,5y³ + 9a²
- Ә. y⁸ − 15y³ + 9a²
- Б. y¹⁵ − 15y³ + 9a²
4) Жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктір
13 + (5b − 13)
- A. 26 + 5b
- Ә. 5b
- Б. −5b + 26
5) Ықшамда
11x − (3 − 7x)
- A. 18x − 3
- Ә. 4x + 3
- Б. 4x − 3
6) Көбейтуді орында
7(c + 2)
- A. 7c + 2
- Ә. 7c
- Б. 7c + 14
7) Көбейтуді орында
2a²(5 − a)
- A. 10a² − 4a²
- Ә. 10a² − 2a³
- Б. −10a³
«Кім жылдам?» сайысы
Есептер шығару
1) Көбейткіштерге жікте
- a) c(a − b) + d(a − b)
- ә) x(y + k) + z(y + k)
- б) 2(c − 1) + y(c − 1)
2) Көбейтуді орында
- a) (a + b)(x − y)
- ә) (a + b)(a + 2)
- б) (m − n)(p + q)
3) Көбейткіштерге жікте
- a) ax + ay + bx + by
- ә) ab + 2b − 2a − 4
- б) 3x − 3y + ax − ay
Топ жетекшілері сайысы
Оқулықпен жұмыс
3 деңгей бойынша жаттығулар орындалады: №145, №146, №148.
Логикалық сұрақтар
Сергіту сәті
- 1. Қосарланып жегілген үш ат бір сағатта 12 км жүреді. Осы уақытта бір ат қанша км жүреді?
- 2. Ұшақпен екі қаланың арасын 1 сағат 20 минут ұшты. Ал қайтарда осы аралықты 80-ақ минутта ұшты. Бұл қалай?
- 3. Тауық бір аяғымен тұрғанда 4 кг болса, екі аяғымен тұрса неше кг болады?
- 4. 2,5 таяқтың неше ұшы бар?
- 5. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалады?
- 6. 20 минут — 1 сағаттың қандай бөлігі?
Бағалау, қорытындылау және үй тапсырмасы
Бағалау, қорытындылау
Оқушылар бағалау парақтарындағы жинаған ұпайлары бойынша қорытынды жасап, өз бағаларын қояды.
Үйге тапсырма
Бақылау жұмысына дайындалу.