Ортан жілік пен асық жілік қайда
Биология · 8-сынып
Сабақ тақырыбы: Бұлшықеттердің маңызы және құрылысы
Subject of the lesson: The essence and structure of muscles
Сабақтың мақсаты
Адамның тірек-қимыл жүйесіндегі бұлшықеттердің маңызын түсіну, бұлшықет топтарын және олардың құрылысын меңгеру.
Language objective (Тілдік мақсат)
- Терминдерді есте сақтайды.
- Сұрақтарға екі тілде жауап береді (қазақша және ағылшынша).
Оқу нәтижелері
Бұлшықеттің құрылысы мен қызметін түсіндіреді.
Бұлшықет ұлпасының түрлерін ажыратады.
Күнделікті өмірдегі жағдайлармен байланысты тәжірибелерде білімін қолданады.
Ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамытады.
Негізгі идеялар
Сындарлы оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру және түсінуді тереңдету.
Оқыту әдіс-тәсілдері
- СТО (сын тұрғысынан ойлау)
- Жас ерекшелік физиологиясын ескеру
- Диалог және жаңа тәсілдер
- Топтық жұмыс
- АКТ
Ресурстар (Resources)
- A4 ақ қағаз, маркерлер
- Оқулық, слайдтар
- YouTube бейнежазба
Сілтеме
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық; 8-сыныпқа арналған биология оқулығы; YouTube бейнежазба.
Сабақ барысы (Lesson flow)
I. Ұйымдастыру (Organization)
3 minutes
Амандасу: “Good morning, students! Sit down! We’ll start our lesson!”
Оқушыларды таратпа қағаз арқылы 4 топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
5 minutes
Оқушылар сұрақтарға екі тілде жауап береді.
| Сұрақ | Жауап (Қаз/Eng) |
|---|---|
| 1) Тірек-қимыл жүйесіне не жатады? | Қаңқа мен бұлшықет / Skeleton and muscles |
| 2) Жік арқылы қозғалмай байланысқан қай сүйек? | Бас сүйек / Skull (head) |
| 3) Тоқпан жілік пен кәрі жілік қайда орналасқан? | Қолда / In the arm |
| 4) Ортан жілік пен асық жілік қайда орналасқан? | Аяқта / In the legs |
III. Жаңа сабақты меңгеру (Mastering a new topic)
20 minutes
Brain attack (Миға шабуыл)
Бұлшықет туралы 2 минуттық бейнежазба көру.
Тақырыпты ашу: слайд арқылы жетекші сұрақтарға жауап беру және негізгі ұғымдарды талқылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту (Approval)
5 minutes
“Кім жылдам?”
Әр топ берілген биологиялық диктант сұрақтарына жылдам жауап береді.
V. Үй тапсырмасы (Home task)
2 minutes
- §25–26 оқу.
- 72–73-суреттер бойынша сурет салу.
- A, B, C деңгейлік сұрақтарына жауап беруге дайындалу.
- Термин дәптеріне осы уақытқа дейін өткен терминдерді жазып келу.
VI. Бағалау (Evaluation)
2 minutes
Оқушылардың жұмысы бағаланады, үздік қатысушылар марапатталады.
VII. Қорытындылау (Summary)
3 minutes
Сабақты қорытындылау және рефлексия жүргізу.
Қосымша материалдар: “Бұлшықеттердің маңызы және құрылысы” тақырыбы бойынша слайд пен материалдарды жүктеу.