Менің айнам
Мақсаты
Театрландырылған қойылым арқылы балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту және ауызша сөйлеуде дыбыстарды анық айтуға үйрету. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен дауыс ырғағын сәйкестендіріп дұрыс сөйлеуге баулу, ертегі барысы мен мазмұнын түсінуге, рөлдерді саналы түрде қабылдап ойнауға үйрету. Сонымен қатар балаларды адамгершілікке, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Негізгі дағдылар
- Сөйлеу: анық дыбыстау, дауыс күшін реттеу
- Түсіну: мазмұнды ұғыну, оқиғаны жалғастыру
- Әртістік: қимыл-қозғалыс, эмоцияны жеткізу
Тәрбиелік бағыты
- Қамқорлық жасау
- Құрметтеу
- Мейірімділік пен кішіпейілділік
Алдын ала жұмыс
- «Шұбар тауық» ертегісін оқу және талқылау.
- Балалардың жас ерекшелігіне сәйкес материалдарды іріктеу.
- Қойылымға қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (перде, атрибуттар, костюмдер).
- Театр бұрышын және сахна орнын безендіру.
Сабақ барысы
1) Мотивациялық-қозғаушылық: «Шаттық шеңбері»
Педагог балаларды жылы көңіл-күйге шақырып, Айарудың «Келіңдер, танысайық!» ойынына шақырады. Балалар бір-біріне қарап, әдемі жымиып, өз атын айтып амандасады. Өзін таныстырған бала әртістерше басын иіп, ерекше сәлем береді. Қалған балалар қол шапалақтап қошемет көрсетеді.
Мақсат: еркін қарым-қатынас орнату, сахналық мәдениеттің қарапайым элементтерін сезіну.
2) Ұйымдастырушылық-ізденістік: «Менің айнам»
Педагог балалардан бүгінгі көңіл күйін сұрайды. Балалар жұптасып тұрады: бір бала — «айна», екіншісі — «айнаға қараушы». «Айнам менің, шындықты айтшы, менің көңіл күйім қандай?» деген сөздерді айтып, айна ым-ишара арқылы түрлі эмоцияларды көрсетеді. Екінші бала айнадағы бейнені қайталайды.
Қуаныш
Жымию, жеңіл қимыл
Таңдану
Көзді үлкейту, қолды көтеру
Ренжу
Қас түю, иықты түсіру
3) Дауыс жаттығулары: дыбысты әртүрлі екпінде айту
Педагог балаларды ертегі әлеміне енуге шақырып, алдымен дауысты жаттықтыруды ұсынады. Дыбыстарды анық, ырғақпен және әртүрлі екпінде айтуға көңіл бөлінеді.
Жел тұрды: с-с-с-с-с
Жапырақтар ұшты: ш-ш-ш-ш-ш
Ара ұшты: ж-ж-ж-ж-ж
Маса шықты: з-з-з-з-з
4) Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мен өзгешемін»
Балалар түрлі образға еніп, дене қалпы мен жүрісін өзгерту арқылы кейіпкердің мінезін сезінеді:
-
Ханшайым: аяқты жеңіл көтеріп, денені тік ұстап, сымбатты жүру.
-
Ханзада: ат үстінде отырғандай, денені тік ұстап қозғалу.
-
Саяхатшы: дүрбімен алысты шолғандай жан-жағына қарау.
Педагог балаларды мадақтап, кейіпкерлердің «тілінде сөйлеу» үшін дауыс пен қимылдың үйлесімі маңызды екенін атап өтеді.
5) Ертегіні еске түсіру және эмоцияны көрсету
Педагог «Шұбар тауық» ертегісін еске түсіруді ұсынады. Балалар негізгі сөзді қайталайды: шұбар. Сондай-ақ билингвальді сөздер бекітіледі: тауық — курица, жұмыртқа — яйцо.
2-тапсырма: ым-ишара арқылы көрсет
- Ата мен әже алтын жұмыртқаны көргенде қалай таңғалды?
- Алтын жұмыртқа жарылып қалғанда қалай ренжіді?
- Кәдімгі жұмыртқаны көргенде қандай әрекет жасады?
3-тапсырма: үй жұмысы
Ата-анаңмен бірге тауыққа арналған бетперде (маска) жасап кел.
6) Қойылым: рөлдерге бөліну және сахналау
Педагог балаларға ертегіні сахналайтынын хабарлап, алдын ала безендірілген сахна алаңына шақырады. «Сиқырлы қоржыннан» театр костюмдерін шығарып, балаларға кейіпкерлері бейнеленген текшелерді таңдату арқылы рөлдерді бөледі. Балалар таңдаған кейіпкеріне сай әрекет, дауыс ырғағы және сөз мәнерін келістіруге тырысады.
Рефлексия және бағалау
Сұрақтар
- Қойылым барысында қиындықтар болды ма?
- Саған қай кейіпкерді сомдаған ұнады? Неліктен?
Өзін-өзі бағалау
Ерден атай балаларға оқу қызметін бағалауды ұсынады:
-
Ұнады: жасыл қоржынды таңдайды.
-
Ұнамады: қызыл қоржынды таңдайды.
Балалардың жауаптары
Әр бала өзі сомдаған кейіпкердің іс-әрекеті туралы қысқаша әңгімелейді, әсерімен бөліседі және эмоциясын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже
Жасайды
Ертегі кейіпкерлерінің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын сахнада шынайы келтіреді.
Түсінеді
Қамқорлық жасауды, құрметтеуді, мейірімді және кішіпейіл болуды ұғынады.
Қолданады
Серіктесімен әңгімелесуде дауыс күшін өзгертіп, түрлі интонацияны қолданады.
Дерек
Ұйым
ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай кенті
№3 Ақтоғай балабақша-бөбекжайы
Тәрбиеші
Рузьева Гүлнұр Курманжанқызы