Компьютерлік модельдеу
Сабақ жоспары
Бұл сабақта оқушылар модель ұғымын нақты мысалдар арқылы түсініп, компьютерлік модельдеу және есептеу эксперименті бойынша практикалық тапсырма орындайды.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Негізгі ұғымдар бойынша сұрақ-жауап, өткенді қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
«Модель» және «модельдеу» ұғымдары, түрлері мен кезеңдері.
IV–VII. Бекіту, қорытынды, бағалау
Топтық сұрақтар, компьютерлік эксперимент, тапсырма, қорытынды, бағалау.
Үй тапсырмасын тексеру және өткенді қайталау
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар
- Жазба деген не?
- Жазбалар қалай сипатталады?
- Жиын деген не?
- A және B жиындарының қиылысуы қалай анықталады?
- A және B жиындарының бірігуі қалай анықталады?
- Жиындар қалай сипатталады?
Өткенді қайталау (ұпайлық сұрақтар)
20 ұпай
Негізгі ұғымдар- Жиым деген не?
- Индекс деген не?
- Элемент деген не?
30 ұпай
Амалар мен әдістер- Бір өлшемді жиым элементтеріне қандай амалдар қолдануға болады?
- Жиымды сұрыптау деген не? Қандай тәсілдері бар?
- Жиымның ең кіші және ең үлкен элементі қалай анықталады?
40 ұпай
Матрицалар- Квадраттық матрица деген не?
- Квадраттық матрицаның бас және жанама диагональ элементтері қалай анықталады?
- Бас және жанама диагональдің астындағы және үстіндегі элементтер қалай анықталады?
Жаңа тақырып: модель және модельдеу
Ой қозғау сұрақтары
- «Модель» сөзін қалай түсінесің?
- Күнделікті өмірде қандай модельдерді кездестіресің?
- Материалдық модельдерге қандай мысал келтіре аласың?
Модель дегеніміз
- Нысанның қарапайым көшірмесі.
- Заттың кішірейтілген үлгісі.
- Құбылыстар мен үдерістерді сызба, сурет немесе сипаттама арқылы көрсету.
- Нысанның, құбылыстың немесе үдерістің маңызды ерекшеліктерін сипаттайтын көрсетілім.
Модельдеу дегеніміз
Модельдеу — модельді құру және оны зерттеу үдерісі. Яғни нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің моделін құрып, сол модель арқылы талдау жасау тәсілі.
Жаңа тақырып бойынша электронды оқулық арқылы «Модель» тақырыбын қарап, слайдтармен танысамыз: модель түрлері және модель құру кезеңдері.
Жаңа сабақты бекіту
A) Топаралық сұрақ-жауап
Әр топ оқулық бойынша бір-біріне сұрақ қояды: «Мен — саған, сен — маған» форматы.
Ә) Компьютерлік эксперимент
Үшбұрыштың ауданын әртүрлі формулалармен есептеуге арналған 4 кезеңнен тұратын есептеу экспериментін орындау.
Топтық практикалық тапсырмалар
1-топ: Герон формуласы
Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы арқылы есептейтін бағдарлама құрастыр.
2-топ: Биіктік арқылы
Үшбұрыштың ауданын биіктігі арқылы есептейтін бағдарлама құрастыр.
3-топ: Негізі мен биіктігі
Үшбұрыштың ауданын S = 1/2 · a · b формуласы арқылы есептейтін бағдарлама құрастыр.
Сабақты қорытындылау
Қорытынды тапсырмалар
Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймыз.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы беріледі, оқушылардың жұмысы критерий бойынша бағаланады (қатысуы, жауаптары, практикалық тапсырма нәтижесі).