Метанның қолданылуы және гомолгтары
Сабақ туралы мәлімет
Пән мұғалімі
Ожанова Жанар Ахметбековна
Пән
Химия
Сынып
9-сынып
Сабақ тақырыбы
Қаныққан көмірсутектер. Метан
Бұл сабақта алкандардың гомологтық қатары, жалпы формуласы және құрылымдық формулалары қарастырылады. Сондай-ақ молекулалардың кеңістіктегі пішіні туралы түсінік қалыптастырылады.
Жалпы мақсаттар
Білімдік мақсат
Көмірсутектердің гомологтық қатары — алкандар туралы білімді тереңдету; қатардың жалпы формуласы мен құрылымдық формулалары жөніндегі түсінікті дамыту.
Түсінік қалыптастыру
Кеңістіктегі пішін, гомологтар, алкандар және радикалдар сияқты жаңа ұғымдарға анықтама беру, ұғымдарды салыстыруға үйрету.
Түйінді идеялар
- Проблемалық сұрақтар арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
- Қаныққан көмірсутектердің гомологтық қатарын алкандардың жалпы формуласын пайдаланып жатқа айту және жаза білу.
Әдіс-тәсілдер
Белсенді тәсілдер
- «Сұрақты ұстап ал»
- «Миға шабуыл»
- «Химиялық диктант»
Кестелер мен карталар
- БКТЗО кестесі
- Семантикалық карта
Топтық жұмыс
Бірлесіп жұмыс жасау, пікір алмасу, постер қорғау және модель құрастыру арқылы тақырыпты терең меңгерту.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Сабақ барысы
1-кезең. Қызығушылықты ояту
Сергіту және топтастыру
«Көршінің портреті» стратегиясы арқылы сергіту сәті ұйымдастырылады. Оқушылар екі шағын топқа бөлінеді: «Алкан» және «Радикал».
1-топ
Метан, этан, пропан
2-топ
Метил, этил, бутил
Үй тапсырмасын тексеру
«Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы өткен тақырып пысықталады (қосымша 1). Оқушылар өз тұжырымдарын жасап, смайликтер арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұғалім жауаптарды тыңдап, кері байланыс береді.
Формативті бағалау: смайликтер арқылы белгілеу және талқылау.
2-кезең. Мағынаны ажырату
«Миға шабуыл» сұрақтары
- 1 Қаныққан көмірсутектердің ең қарапайым өкілі қайсы?
- 2 Метанды не себепті «шахтерлердің қас жауы» деп атайды?
- 3 Метан кездесетін жерлерде және метанмен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?
Жаңа тақырыппен танысу
Электронды оқулық және слайдтар арқылы метан туралы негізгі ақпарат ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқып, маңызды деректерді іріктеп, өзара талқылайды.
Нысаналы дағдылар: сыни ойлау, бірлескен жұмыс, қарым-қатынас.
Топтық тапсырмалар
- 1-топ: метанның табиғатта кездесуі және қасиеттері.
- 2-топ: метанның қолданылуы және гомологтары.
Мақсат: метанның табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиеттері, сондай-ақ метан мен оның туындыларының қолданылуы бойынша байланыстарды анықтау; гомологтар арасындағы айырмашылықтарды түсіндіру.
Постер қорғау
Топтар жинақтаған ақпараттарын постерге түсіріп, сынып алдында қорғайды.
Модель құрастыру
Алкандардың молекулалық модельдерін құрастыру арқылы құрылымдық ерекшеліктері бекітіледі.
Кестемен жұмыс
Қосымша 2: кестемен жұмыс және семантикалық картаны толтыру арқылы білім жүйеленеді.