Кальций оксиді мен гидроксидінің қасиеттерін салыстыру
Сабақ тақырыбы: кальций және оның қосылыстары
Бұл сабақ 9-сынып оқушыларына кальций элементінің табиғаттағы орны мен маңызын түсіндіруге, сондай-ақ оның негізгі қосылыстарының қасиеттерін салыстыра талдауға бағытталған.
Мақсаты
Оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіре отырып, кальций және оның қосылыстары туралы білімді меңгеруіне жағдай жасау.
Күтілетін нәтижелер
- Периодтық жүйедегі орны бойынша кальцийдің қасиеттерін сипаттай алады.
- Кальций оксиді мен кальций гидроксидінің қасиеттерін салыстыра алады.
- Топтық жұмыс барысында өзін-өзі реттей алады.
Сабақ міндеттері
- Периодтық жүйедегі орнына сүйене отырып, кальцийге сипаттама беру.
- Кальций оксиді мен кальций гидроксидінің қасиеттерін салыстыру.
- Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа және өзін-өзі реттеуге тәрбиелеу.
Оқытуда қолданылатын модульдер
Негізгі бағыттар
- 1 Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
- 2 Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
- 3 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
- 4 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
- 5 Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Неге маңызды?
Бұл модульдер сабақта белсенді оқу ортасын құруға, оқушының өз ойын дәлелдеуге, бірін-бірі тыңдауға және топ ішінде жауапкершілікті бөлісуге мүмкіндік береді. АКТ қолдану ақпаратты көрнекі ұсынуға, ал бағалау тәсілдері кері байланысты нақтылауға көмектеседі.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді (оқулық, дәптер, қалам, күнделік).
- Стикерлер таратады: «Ешқашан кешікпейді», «Ешқашан айқайламайды», «Барлығымен өте сыпайы», «Дауысы өте әдемі» және т.б.
- Топта жұмыс істеудің «алтын ережелерін» еске түсіреді.
Сынып ережелері (ұсыныс)
- Сабаққа кешікпеу.
- Бір-бірінің сөзін бөлмей, мұқият тыңдау.
- Белсенді қатысу.
- Қажет кезде қолдау көрсету және көмектесу.
Қызығушылықты ояту: жұмбақ-өлең
«Бұл қай металл?»
Күміс түсті металмын,
Өмір бойы керегіңе жете алдым.
Менмін — ақ бор, әктас, мәрмәр, ғанышпын,
Тіршілікке қажет металл аталдым.
Қыртысында Жердің мен де кездесем,
Артық болмас: «Жер металы мен» десем.
Ғарыштағы ракета да, ұшақ та —
Іздесең де, қолтаңбамды табасың сен.
Жануардың бақалшағы, қаңқасы,
Жер бетінің минералды әр тасы.
Сан құрылыстың сәулеті, негізі —
Қаланады менен ғана, ойланшы.