Мектептердің суретімен көрсету
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Пән
Дүниетану
Тақырып
Мектептегі Білім күні
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту, кіріктірілген сабақ
Мақсаты
- Білімнің адам өміріндегі аса құнды, қасиетті ұғым екенін түсіндіру.
- Мектептегі алғашқы күннің, алғашқы жиынның, Білім күнінің әсерін еске түсіру.
- Мәтінді өздігінен талдату арқылы оқушының біліктілігін арттыру; ойлануға, жүйелі жұмыс істеуге үйрету.
- Ауызбіршілікке, мұғалімге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Әдістер
Топтастыру, топтық жұмыс, оқу, талдау, ән айту
Көрнекілік
Слайдтар, сөздер мен тапсырмалар, плакат, гүлдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сынып 4 топқа бөлінеді. Оқушыларға қиылған түрлі түстер беріледі, әр түстің қағазында топ атауы жазылады. Оқушылар түстерді құрастырып, сәйкес топқа бірігеді.
Топ атаулары: Ұстаз, Шәкірт, Мектеп, Білім.
Әр топқа қошемет көрсетіп, 3 рет қол шапалақталады.
Психологиялық дайындық
Хан бол мейлің, қара бол,
Дарын бол мейлің, дара бол!
Өтетін бәрі алдыңнан —
Ұстаздар біздің сара жол.
Ұстаз — ұлттың тірегі,
Ұстаз — мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тілегі.
Сұрақ-жауап
Сұрақ: Ең алғаш білім жүйесінің қалыптасуына үлес қосқан, қазақ даласында алғашқы мектеп ашқан кім?
Жауап: Ы. Алтынсарин.
Сұрақ: «Мектеп» деген не?
Оқушылар «мектеп» сөзінің баламаларын жазады. Әр топтан бір оқушы оқып шығады, жауаптар тыңдалып, 3 рет қол шапалақталады.
Қорытынды ой: Мектеп — жоғары білімге бастайтын баспалдақ.
Поэзия минуты
Топтар тақырыпқа сай өлең жолдарын жатқа айтады:
- I топ: Ұстаз туралы
- II топ: Шәкірт туралы
- III топ: Білім туралы
- IV топ: Мектеп туралы
Сен білесің бе?
Шалқар ауданындағы мектеп тарихы тереңнен бастау алады. Алғашқы оқу орны 1896 жылы 10 қазанда Ақша елді мекенінде ашылған. Шеңгел ауылдық мектебі ауданымыздың алғашқы оқу орны ретінде аталады.
- 1901 ж. — С. Көбеев ашқан Кішіқұм мектебі
- 1907 ж. — орыс мектебі
- 1918 ж. — қазақ мектебі
Ауданда
38 мектеп бар: 23 орта, 7 негізгі, 8 бастауыш.
Қосымша ұйымдар
Кәсіптік лицей, саз мектебі, оқушылар сарайы.
Оқушылар саны
Шамамен 9 000 оқушы.
Ұстаздар
1450 ұстаз сабақ береді.
Мектебіміз туралы
І. Үргенішбаев атындағы мектеп: 1958 ж. бастауыш мектеп негізінде құрылды. Кейін қазақ темір жолы Шалқар станциясында 7 жылдық мектеп ретінде жұмыс істеді. 1962 ж. №496 мектеп болды, ал 1977 жылдан бастап Кеңес Одағының Батыры І. Үргенішбаев атындағы №40 мектеп аталды. Қазіргі таңда — І. Үргенішбаев атындағы орта мектеп.
Бүгінде мектепте оқушылар білім алады, мұғалімдер еңбек етеді.
Жаңа сабақ: «Мектептегі Білім күні»
Оқулықпен жұмыс
Мәтін 4 бөлікке бөлінеді. Әр топтан бір оқушы бөлімді оқып, мазмұнын түсіндіреді.
Талқылау сұрағы
Сендер үшін мектептегі Білім күні несімен есте қалды? Әр оқушы өз әсерін бөліседі.
Медиаматериал
Ұстаз, мектеп және Білім күні туралы жаңалықтар мен бейнематериалға назар аударылады.
Шығармашылық тапсырмалар
I топ
«Алғашқы мұғалім» тақырыбында өлең құрастыру.
II топ
«Ұстаз» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
III топ
«Мен мектеп басшысы болсам…» тақырыбында эссе жазу.
IV топ
«Мектептер» сөзінен сөздер құрастыру.
Қосымша бейнематериал: мектептегі алғашқы қоңырау және салтанатты жиын.
Қорытынды бөлім
Ойлан, тап!
Бұл кімнің өлеңі?
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
Жауабы: Ы. Алтынсарин.
Бұл кім?
Жазу мен сызуды
Балаларға үйретер.
Табиғатты, қарттарды
Құрметтеуді үлгі етер.
Жауабы: Мұғалім.
Тренинг: «Менің ойым»
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін және мұғалімге арнаған тілектерін қағаз гүлге жазып, тақтадағы гүлдің сабағына жапсырады. Кейін тілектер оқылады.
Құттықтау
Алда келе жатқан 8 наурыз мерекесіне орай әйел ұстаздар қауымына құттықтау айтылады. Оқушылар өз қолдарымен жасаған гүлді ұстаз-аналарға табыстайды.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Үй тапсырмасы
«Мектептегі Білім күні» мәтінін оқып, мазмұнын айту.
Бағалау
Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, мәтінді түсіндіруі, шығармашылық тапсырмаларды орындауы және белсенділігі ескеріледі.