Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу
Сабақтың тақырыбы
Қош бол, құтты әліппем!
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу.
- Мақал-мәтел айту, ертегі айту, ән орындау, тақпақ оқу мәнерін көрсету.
- Оқушыларды «Ана тілі» оқулығымен таныстыру.
- Үлкенді сыйлауға, сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен реквизиттер
Көрнекілік
- Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.
- «Әліппе» мен «Ана тілі» тақырыбындағы безендірілген плакаттар.
Ертегіге қажетті заттар
- Шарлар.
- Гүлдер.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Төрт ай бұрын, 1 қыркүйекте қоңыр күздің алғашқы қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары бүгін бір белесті бағындырды. Олар қазақ тілінің 42 әрпімен танысып, «Әліппе» оқулығымен қоштасып отыр.
Ендеше, бүгінгі шәкірттерімізді — еліміздің болашақ азаматтарын — ортаға шақырайық. (Музыка ойналады, оқушылар қол ұстасып ортаға келеді.)
Әнұран орындалады
2) Ертеңгілікті ашу
1-жүргізуші (Зейнеп):
Жақсы білім — көрімдік, болсын сізге, халайық.
2-жүргізуші (Сыржан):
Не үйрендік, не білдік — қане, ортаға салайық!
Мұғалім:
Балалар, ендеше, ең басты кейіпкеріміз — Әліппені ортаға шақырайық.
1-жүргізуші (Зейнеп):
Іші толы әріпке, білімдіге жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар — ол сүйікті Әліппе.
(Осы кезде Әліппе кіреді.)
Әліппе (Нұрым):
Барлық әріп бағалы, сөзге тірек болады.
Жетелеймін білімге мені сүйген баланы.
Балалар, бұл мерекеге қуана да толғана келіп тұрмын. Жай келмедім: өзімнен бастау алатын, сендерге даңғыл жол салатын жаңа досың — «Ана тілі» оқулығын ала келдім.
Ана тілі (Гүлмайрам):
«Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», —
деп ақын Қадыр Мырзалиев айтқандай, мен «Ана тілі» оқулығымын.
Көңілді дауыстарыңды естіп, қуанып келдім.
1-жүргізуші (Зейнеп):
«Әліппе» — білім есігін ашқан алғашқы оқулығымыз. Ал «Ана тілі» — сөз сырын ұқтыратын сырласымыз.
2-жүргізуші (Сыржан):
Ендеше, төрге шығып төрлетіңіздер, өнерімізге ортақ болыңыздар.
Тақпақтар
Дана:
Әліппем менің, әліппем,
Қолыма сені алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Райымбек:
Бітті Әліппе — сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Өзге оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Нұркен:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа бөленген,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Әсемжан:
Бар кітапқа бас болған —
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған —
Даналықтың данасы.
Хор:
Әліппе, Әліппе!
Әріптер сырына арналған өлең жолдары
Сыржан:
Құрметті қадірлі қонақтар, енді әріптер сырын тыңдайық!
Дана:
Ардақтымыз — анамыз,
Аялаған баламыз.
Ақыл-сананы ой берген —
Ана тілін аламыз.
Райымбек:
Әдеп деген немене?
Әдеп — тәртіп, білеміз.
Әдеппен сөйлеп, күлеміз,
Әрқашан жұрт алдында
Әдеп сақтап жүреміз.
Нұркен:
Баба — қарт, киелі,
Баласы бас иеді.
Бала — бауыр еті деп,
Баласын ол сүйеді.
Әсемжан:
Досты сыйлау — салтымыз,
Достық жасау — шартымыз.
Достық деген — ынтымақ,
Достасады халқымыз.
Райымбек:
Жақсы көрем інімді,
Жақын тартып күнімді.
Жалынды жас — әдепті,
Жарқын інім — білімді.
Дана:
Заң — тәрбие жүйесі,
Заңның халық — иесі.
Заңға әркім бағынар,
Заң — тәртіптің тиесі.
Нұркен:
Отан — менің ата-анам,
Отан — досым, бауырым.
Отан — өлкем, астанам,
Отан — туған ауылым.
Әсемжан:
Оқып білім аламыз,
Оттай болып жанамыз.
Би
«Қаражорға» — Райымбек, Нұркен, Мадияр, Қажымұқан, Диар.
Түсіндірме сұрақтар (ұғымдар)
Дана:
— Тек дегеніміз не?
— Тек деген — түп-тамырың.
Отқа түскен жаны мың,
Тектілік боп саналар
Елің жайлы танымың.
Әсемжан:
— Спорт дегеніміз не?
— Спорт — сенің серігің,
Саулығың мен сенімің.
Спортпен шыңдалар
Жігерің мен ерлігің.
Нұркен:
— Салауаттылық деген не?
— Салауаттылық — сергектік,
Таза жүру өмірде.
Адамзаттық келбетке
Дақ түсірмеу — өмірде.
Райымбек:
— Әдет деген не?
— Әдет — бұл ұғым,
Іс-әрекет қылығың.
Қалыптасқан жастайдан —
Жайлы мінез-құлығың.
Хор:
Жарқын жүзді ұстазым
Сергіту сәті
«Балапандарға көмек керек» (ойын және тапсырмалар).
Ән:
«Балапаным» — орындайтындар: Зейнеп пен Сыржан.
Сандар әлемі
Сыржан:
Балалар, біз тек әріпті ғана танып қоймай, сандар әлеміне де тоқталайық.
Дана:
1 дегенім — баспана, нанды жерге тастама.
Райымбек:
2 дегенім — ирек, қар жауады сирек.
Нұркен:
3 дегенім — үтік, құрбымды көп күттік.
Әсемжан:
4 дегенім — ту, айлакер қу түлкі.
Дана:
5 дегенім — бақ, тайға мініп шап.
Райымбек:
6 дегенім — ау, балық аулайтын ау.
Нұркен:
7 дегенім — жұлдыз, аспандағы құндыз.
Әсемжан:
8 дегенім — серке, ән салайық, ерке.
Дана:
9 дегенім — талғам, досым, дұрыс ойлан.
Нұркен:
10 дегенім — орақ, «ай» деп қалма бірақ.
Ән:
«Көк тудың желбірегені» — Райымбек, Нұркен және МАД сынып оқушылары.
Өтірік өлең — тапқырлық өнері
Зейнеп:
Өтірік өлең айту да — бір өнер. Ендеше, балалардың дайындаған өтірік өлеңдерін тыңдайық.
Дана:
Тауықпенен ұшып,
Айға қонып келдім.
Қасқырларға ұрсып,
Тышқан сойып бердім.
Көбелектер қыста
Киіп алып тонды,
Ілесіп ап құсқа
Гүлден гүлге қонды.
Нұркен:
Қоян түнде жортады,
Қасқыр одан қорқады.
Бұлттың жүнін жұлып ап,
Әжем шұлық тоқыды.
Кім айтады, қызық-ақ,
«Өтірік» деп осыны?
Би
Қыздардың орындауында қазақ биі.
Қоштасу сәті: Әліппенің ақ тілегі
Сыржан:
Ал, балалар, енді Әліппе бізбен қоштасқалы тұр. Ол сендерге өзінің ақ тілегін арнайды.
Әліппе (Нұрым):
Әліппемен 42 әріпті игердік,
Әріптен буындап сөз тердік.
Ризамын, балалар, сендерге,
Рақмет айтар кез келді.
Жастарың ұзақ болсын,
Күнделіктерің «5»-ке толсын!
Қорытынды
Мұғалім:
Бүгінгі кеш — әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалар есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашар аналар.
Қорытынды сөз:
Мектеп директоры, ата-аналар, ұстаздар.