Суретке мұқият қарап, Әлидің өзі туралы айтқан әңгімесін тыңда
Сабақтың тақырыбы
«Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем».
Құндылық
Бір-біріне құрмет көрсету.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі.
АКТ дағдылары
Аудиожазба, таныстырылым.
Оқу мақсаттары
Оқу бағдарламасына сәйкес сабақта төмендегі мақсаттарға қол жеткізу көзделеді:
1.7
Тыңдалым
Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
1.8
Айтылым
Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.
1.9
Орфоэпия
Сөздер мен дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы
Сөйлем туралы жаңа білімді меңгереді.
Көбі
- Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
- Оқиғаларды тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі
Алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың басы
5 минут
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінуді үйрену — қандай тамаша, қандай қуаныш!
Сабақтың ортасы
«Осы менің туған елім!» тақырыбы бойынша сурет арқылы әңгімелесу ұйымдастырылады.
№1 Тыңдалым
Суретке мұқият қарап, Әлидің өзі туралы айтқан әңгімесін тыңдаңыз. Түсінгеніңізді өз сөзіңізбен айтып көріңіз.
№2 Айтылым
Өздеріңіз тұратын мекенді сызбаның көмегімен сипаттап, шағын әңгіме құрап айтыңыздар.
Тілдік құзыреттілік
Ескерту: Мәтін редакцияланып, емле және тыныс белгілері түзетілді.