Қалай жасалғанын ата
6-сынып қазақ тілі пәні: жылдық жоспар және ІІ тоқсанның күнделікті сабақ жоспары
Сынып
6-сынып
Жалпы сағат саны
102 сағат
Тоқсан
ІІ тоқсан
ІІ тоқсан тақырыптары
- Жинақтық, болжалдық сан есімдер
- Топтау, бөлшектік сан есімдер
- Сан есімнің емлесі
- Сан есім бойынша өткенді қайталау
- Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Сабақ жоспары: «Жинақтық, болжалдық сан есімдер»
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
Оқушыларға жинақтық және болжалдық сан есімдер туралы толық мәлімет беру, ой-пікірін қалыптастыру.
-
Дамытушылық
Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту; сөздік қорын молайту.
-
Тәрбиелік
Елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру деректері
- Сабақ түрі
- Қалыпты сабақ
- Сабақ әдістері
- Түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау
- Көрнекілігі
- Дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздар, тірек сызбалар
- Жұмыс формалары
- Жеке жұмыс, топтық жұмыс, сынып ұжымымен жұмыс
- Сабақ кезеңдері
- Ұйымдастыру, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Кезекшінің мәлімдемесі.
- Журнал бойынша түгелдеу.
- Жаңа сабаққа дайындық.
2) Үй тапсырмасын сұрау
- Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
- Жаттығудың орындалуын дәптерлерінен тексеру.
- Дәптерлерін алмастыру.
- Жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
3) Білімді тексеру сұрақтары
- Сан есім деген не?
- Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- Есептік және реттік сан есімдер деген не, олар қалай жасалады?
Жаңа сабақты түсіндіру
Негізгі ұғым
Жинақтық сан есім
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіреді және «нешеу?», «қаншау?» сұрақтарына жауап береді. Ол бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Негізгі ұғым
Болжалдық сан есім
Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжап көрсетеді және «қанша?», «неше?», «қаншадан?» сияқты сұрақтарға жауап береді.
Түсінгенін тексеру сұрақтары
- Жинақтық сан есім деген не? Ол қалай жасалады?
- Болжалдық сан есім деген не? Ол қалай жасалады?
Жаттығу жұмыстары
169-жаттығу
Берілген есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
170-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазып, болжалдық сан есімдердің жасалу жолына назар аударыңдар, оларға сұрақ қойыңдар.
171-жаттығу
Берілген сан есімдерді қатыстырып, ауызша сөйлемдер құраңдар.
Жаңа сабақты бекіту
1) Сөзжұмбақ
Сөзжұмбақты дұрыс шешкен кезде, тігінен «болжалдық» сөзі шығады.
- Араның сыйы — бал
- Мұздасаң жылытатын — от
- Ешкінің баласы — лақ
- Жыл мезгілі — жаз
- Жеміс аты — алма
- Балшық түрі — лай
- Тынығатын күн — демалыс
- «Суық» сөзінің антонимі — ыстық
- Жыл атауы — қоян
2) Сюжетті суреттермен жұмыс
- Сюжетті суреттер бойынша мәтін құраңдар.
- Мәтіндегі сан есімдерді тауып, түрін анықтаңдар.
3) Үлестірмелі кеспе қағаздармен жұмыс
№1
Жинақтық сан есімді тап.
Біреу, екеу, жетеу, От пен отын, көсеу, Сонда бәрі нешеу?
№2
Жұмбақты шеш. Сан есімді тап.
Екі айнасы, Екі найзасы бар. Төрт сылдырмағы, Бір шыбыртқысы бар.
№3
Жұмбақты шеш. Сан есімнің түрін ажырат.
Төртеуі тұрады, Біреуі жейді. Біреуі аула сыпырады.
№4
Болжалдық сан есімдерді тап. Қалай жасалғанын ата.
Жиырма бестей арғы атамыз, Сонша жасап бергі атамыз. Өз атамыз — жиырмада, Бізге сол жас бұйырмай ма?
Сабақты қорытындылау
- Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
- Оқушылардың жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
Үй тапсырмасы
167-жаттығу
Ребусты шешіңдер. Құрамында сан есімі бар мақал, мәтел немесе нақыл сөзге сүйеніп, өздерің де ребус құрастырыңдар.
168-жаттығу
«Екеу», «үшеу», «төртеу» болып ойнайтын ойын түрлерін естеріңе түсіріңдер. Жинақтық сан есімді қолданып, өздерің білетін ойын туралы сөйлем құрастырып жазыңдар.
Ескертпе
Тексерілді: толық нұсқасын қарау.