Оқушыларды сабақ процесінде зерек болуға, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сұрақтар арқылы қуаттың өрнегін қорытып шығару, негізгі тұжырымдамамен танысу және есептер шығару арқылы білімді бекіту. Теориялық білімді практикада қолдануға дағдыландыру.
Дамытушылық
Ой-өрісті дамыту, белсенділікті арттыру, пікір алмасу арқылы өзіндік бағалауға және өз білімін талдауға машықтандыру.
Тәрбиелік
Сабақ үдерісінде зерек болуға, еңбекқорлыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Сабақтың жұмыс тәртібімен таныстыру және бағалау ережесін түсіндіру.
II. Қызығушылықты ояту (сұрақ–жауап)
Мақсат: алдыңғы білімді еске түсіріп, жаңа тақырыпқа негіз дайындау
1) Тұрмыста «жұмыс» деп нені айтамыз?
Жеке адамдардың атқарған еңбегін айтамыз.
2) Физикада «жұмыс» дегеніміз не?
Дененің әрекетімен (күш әсерімен) түсіндірілетін физикалық шама.
3) Мысал келтіріңдер.
Әртүрлі жағдайлар: жүктi көтеру, арбаны итеру, денені белгілі қашықтыққа жылжыту.
4) Физикада негізінен қандай жұмысты қарастырамыз?
Механикалық жұмысты.
5) Механикалық жұмыс дегеніміз не?
Денені бір орыннан екінші орынға қозғауда күштің істейтін жұмысы.
6) Жұмыстың өрнегі қалай жазылады?
Жұмыс = күш × жол.
7) Формуласы қандай?
A = F × S
8) A, F, S қандай шамаларды білдіреді?
A — жұмыс, F — күш, S — жол.
9) Өлшем бірлігі қандай?
Джоуль: 1 Дж = 1 Н × 1 м.
10) 1 кДж неше Дж?
1 кДж = 1000 Дж.
11) 1 мДж неше Дж?
1 мДж = 0,001 Дж.
12) 1 мкДж неше Дж?
1 мкДж = 0,000001 Дж.
Негізгі формула
Механикалық жұмыс:
A = F × S
Мұнда A — жұмыс, F — күш, S — жол. Өлшем бірлігі: Дж.