Қилы сұрау

Сабақтың мақсаты

А) Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктерін балықтар → қосмекенділер → жорғалаушылар → құстар → сүтқоректілер тізбегі бойынша зерделеу және түсіндіру арқылы білім қалыптастыру.

Ә) Оқушылардың білімін, білігін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Б) Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктерін талдай отырып, оқушылар бойына сүйіспеншілік пен мейірімділік ұялату; жануарларды қорғауға, аялауға және күтіп-бағуға тәрбиелеу.

Көрнекілік

  • Слайдтар
  • Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

  • Өсімдіктану
  • Жануартану

Сабақтың түрі

БжС технологиясы бойынша БАЖ картасы негізінде ұйымдастырылады.

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Қилы сұрау (үй тапсырмасы бойынша)
  3. 3 Есте сақтау (жаңа тақырып бойынша тірек сөздерді салыстыру)
  4. 4 БАЖ картасымен жұмыс
  5. 5 Сын тұрғысынан сұрау (жаңа тақырып бойынша)
  6. 6 Тақырыптық сөздік қор

2-кезең: Қилы сұрау (үй тапсырмасы бойынша)

Төмендегі сұрақтар арқылы оқушылардың алдыңғы тақырыпты меңгеру деңгейі анықталады:

1. Көбеюдің биологиялық мәні неде?

2. Көбеюдің қандай жолдары бар?

3. Жыныссыз көбею деген не?

4. Жыныссыз көбею қандай ағзаларға тән?