Сабақтың түрі. Сабақтың көрнекіліктері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың үй жануарлары туралы жалпы түсінігін кеңейту және олардың адамға қандай пайда әкелетінін айта білуге үйрету.

Дамытушылық

Белсенді сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Үй жануарларына және олардың төлдеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым
  • Сұрақ-жауап
  • «Кім тапқыр?» ойыны, топтық жұмыс
  • «Бас бармақ» тәсілі, «Бағдаршам» тәсілі

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта Слайдтар Түрлі түсті суреттер Таратпа материалдар А3 парағы Желім қағаздар «Қошақаным» мультфильмі

Сабақ жоспары

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
  3. III Үй тапсырмасын тексеру
  4. IV Жаңа сабақ
  5. V Бекіту
  6. VI Қорытынды және бағалау
  7. VII Үйге тапсырма

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Шаттық шеңбері.
  • Қыс мезгілі және бүгінгі күн туралы қысқаша әңгімелесу.

II. Үй тапсырмасы

Берілген суреттер бойынша «Менің күшігім» тақырыбын мазмұндау немесе өз күшігің, мысығың туралы әңгімелеу. Қалаған оқушы үй жануарының суретін салады.

III. Жаңа тақырып

1) «Кім тапқыр?» ойыны

Үй жануарлары қалай дыбыстайды? Үнтаспадан үй жануарларының дыбыстары тыңдалып, оқушылар жауап береді.

2) Сөздікпен жұмыс

Тапсырма бағыты

  • Сөздерді оқып, аудару.
  • Буынға бөліп оқу.
  • Сөздің қандай дыбыстан басталатынын анықтау, сұрақ қою.
  • Сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру.
Қазақша
Орысша
Адам
человек
бағады
ухаживает
пайда
польза
әкеледі
приносит
жүн
шерсть
тоқиды
вяжет

3) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

4) Мәтінмен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңдар.

Мәтін

Үй жануарлары: жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі. Үй жануарларын адамдар бағады. Үй жануарлары адамға пайда әкеледі. Сиыр мен ешкі сүт, ет береді. Қой мен түйенің жүнінен киім тоқиды.

5) Мәтін бойынша сұрақтар

  1. 1Үй жануарларына нелер жатады?
  2. 2Үй жануарларын адамдар не істейді?
  3. 3Үй жануарлары кімге пайда әкеледі?
  4. 4Сиыр мен ешкі не береді?
  5. 5Ненің жүнінен киім тоқылады?

IV. Бекіту

1-тапсырма: Аударма және толықтыру

Мәтінді дұрыс аударып, толықтырып оқыңдар.

Үлгі

Үй жануарларын адамдар бағады (ухаживают). Үй жануарлары (домашние животные) адамға пайда (польза) әкеледі. Сиыр, ешкі (корова, коза) сүт, ет береді. Қой мен түйе (овца и верблюд) жүнінен киім тоқиды (вяжут).

Ескерту

Сөйлемдерді толық оқып, мағынасын сақтай отырып дұрыс аударыңдар.

2-тапсырма: Грамматикалық жұмыс (топтық)

Жұмыстарды ауыстырып, «Бас бармақ» тәсілімен бағалаңдар.

Сөйлемдерді толықтыр

  1. I. Мен қошақанмен ойнай...
  2. II. Мен үй жануарларын баға...
  3. III. Мен киім тоқи...
  4. IV. Үй жануарлары пайда әкеле...

Бағалау

Дұрыс орындалған тапсырмаға топтар өзара кері байланыс береді.

3-тапсырма: Сөйлем құрастыр (топтық)

Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырыңдар. «Бағдаршам» тәсілімен бағалау.

  1. 1) Бағады, жануарларын, үй, адамдар.
  2. 2) Сүт, береді, сиыр, ет, ешкі.
  3. 3) Киім, жүнінен, қой, тоқиды, мен, түйе.

Күтілетін нәтиже

  • Сөз тәртібін сақтайды.
  • Мағыналы сөйлем құрастырады.

4-тапсырма: «Ойлайық та, ойнайық!»

Берілген сипаттамаларға сай сөздерді табыңдар және әріптерден сөз құрастырыңдар.

Жұмсақ ойыншық

Қонжық

Жылқының төлі

Құлын

Ол туралы ертегі бар

Лақ

Ең қорқақ аң

Қоян

Қойдың төлі

Қозы

«Овца (баран)» аудармасы

Қой

5-тапсырма: Ән

«Ән — көңілдің ажары». «Қошақаным» әнін орындау.

V. Қорытынды

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, жаңа сөздер мен негізгі ойлар қысқаша қайталанады.

VI. Бағалау

Берілген стикерге сабақтың қалай өткенін қысқаша жазып, тақтадағы «күз ағаштарына» жапсыру арқылы бағалау жүргізіледі.

VII. Үйге тапсырма

  • Сөздікті жаттау.
  • Мәтін бойынша түсінік айтуға дайындалу.