Қазақ тілі атты өлеңді оқып, өлеңнің негізгі идеясын ашу

Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі

Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева

Деңгейлік тапсырмалар • Қазақ тілі • 7-сынып • 2015–2016 оқу жылы

Түсінік хат

Мақсаты

  • Оқушыларды деңгейлеп-саралап оқыту арқылы әр оқушының өз даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
  • Оқушылардың сөздік қорын толықтыру, тілін дамыту, ойлауын және мазмұндау қабілетін жетілдіру.
  • Өтілген лексикалық тақырыптар бойынша алған білім мен білікті пысықтау.

Міндеті

  1. Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп-саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу.
  2. Пәнге деген тұрақты қызығушылық қалыптастыру.

Нәтиже

Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы — оқу үдерісінде мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың және оқу мақсатының ықпалдасу заңдылықтарына негізделген жүйе.

Бұл технология оқушыны күштеп оқытудан алыстатып, өз бетімен оқуға, ақпаратты дербес өңдеуге, өздігінен ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады.

Қолданылуы мен бағыты

  • Деңгейлік тапсырмалар 7–9-сынып модульдері бойынша тақырыптарды қамтиды.
  • Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамытып, әр оқушыны өздігінен жұмыс істеуге баулиды.
  • Жаңа сабақты меңгерту, тақырыпты пысықтау және қайталау сабақтарында тиімді пайдалануға болады.
  • Сөздік қорды байытуға және тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған.

Қазақ тілі (7-сынып): кіріспе бөлім

«Қазақ тілі — мемлекеттік тіл» лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.

I деңгей

  1. «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқып, төл дыбыстарды орфоэпиялық нормаға сай айту.

М. Жұмабаев — «Қазақ тілі»

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр — бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

II деңгей

  1. «Қазақ тілі» өлеңін оқып, негізгі идеясын ашу.
  2. Мына сөздерді сөз құрамына талдау: бесікте, тілің, тілмен, ақылы, айтылады (түбір, I–II жақ, жекеше/көпше, т.б.).
  3. Нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.

1) Қазақ елінің рәміздеріне ... жатады

  • а) Байрақ, жалау, жалауша
  • ә) Таңба, белгі, мөр
  • б) Ту, елтаңба, әнұран

2) Қазақ елі туының түсі ...

  • а) қызыл
  • ә) сары
  • б) көк

3) Зеңгір көк ... белгісі

  • а) адалдықтың, тазалықтың, аспанның
  • ә) қуаныштың, жеңістің
  • б) жамандықтың, бейбітшіліктің

4) Күнге табыну ... дүниеге келген

  • а) батыста
  • ә) солтүстікте
  • б) шығыста

5) Күн бейнесі ... белгісі

  • а) татулықтың
  • ә) байлық пен берекенің
  • б) достықтың

III деңгей

  1. «Қазақ тілі» өлеңінің мазмұнын айту.
  2. Берілген сөздермен сөйлем құрастыру: туған тілім, тіл байлығы, мақтанышым, құдыретті, үлгі-өнеге.

Тақырып: Қазақстан Республикасы — тәуелсіз ел

I деңгей

  1. «Қазақстан Республикасы — тәуелсіз ел» мәтінін оқыңыз.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол — тәуелсіз Қазақстан.

Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды.

Еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.

Егемен ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.

Біздің туымыз — тәуелсіздік, тілегіміз — бейбітшілік пен тыныштық.

Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын сақтау — әрбір азаматтың борышы.

Сөздік жұмыс

  1. Төменде берілген сөздердің синонимдерін тауып, оларға көптік жалғауын жалғаңыз. Үлгі: Отбасы+лар, жанұя+лар
Үй
Ана
Ата-ана
Дос
Туыс