Өзен өлеңін жаттау

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Өзен

Бұл сабақта оқушылар Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысып, өзен туралы білімін кеңейтеді, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырады және топтық жұмыста ойын еркін жеткізуге дағдыланады.


Сабақтың мақсаты

Білімділік

Өлеңді түсініп оқуды ұйымдастыру, өзен туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық

Ой-өрісін және тілін дамыту; ортада өзін еркін ұстап, ойын ашық айтуға, жолдастарының пікірін тыңдап, бағалай білуге үйрету.

Тәрбиелік

Ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілет пен танымдық ой-өрісті дамыту, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың ерекшелігі

Әдістері мен технологиялары

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндірме
  • Көрнекілік
  • Ребус шешу
  • Топтық жұмыс
  • СТО технологиясы

Ұйымдастыру деректері

Сабақтың түрі
Аралас
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Көрнекілігі
Ы. Алтынсарин суреті, суретті плакат, интерактивті тақта, слайд, Қазақстанның физикалық картасы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныпты сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру, топтарға бөлу.

II. Қызығушылықты ояту (тарауға кіріспе)

1-топ

Табиғатқа не жатады?

2-топ

Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй тудырады?

3-топ

Таза ауа мен мөлдір судың қандай пайдасы бар?

4-топ

«Табиғат және адам» тақырыбына шағын әңгіме жаз.

Ребус шешу тапсырмасы беріледі. Шешуі: «өзен».

III. Мағынаны тану

а) Білімді еске түсіру

  • Өзен дегеніміз не? (Дүниетану пәнінен алған білімдерін еске түсіру)
  • Өзеннің сағасы, саласы, арнасы туралы не білеміз?
  • Бүгін Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысамыз.

ә) Ассоциация құру

Ыбырай Алтынсарин туралы не білеміз? Оқушылардың жауаптары бойынша тірек сөздермен кластер құрылады.

б) Өлеңді мәнерлеп оқу

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды, мәтін слайд арқылы көрсетіледі.

в) Карта арқылы жұмыс

Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс жасалып, ірі өзендер көрсетіледі. Мұғалім Қазақстандағы ірі 7 өзен туралы қысқаша мәлімет береді.

Сондай-ақ өзіміз тұратын Атырау қаласын қақ жарып ағатын Жайық өзені туралы деректер ұсынылады. Жайық туралы жыр да көп, ән де көп:

Махамбетпен мұңдас болған, Исатаймен сырлас болған, Қыз Жібектің көшін көрген Ақ Жайық, баба Жайық, дана Жайық.
Жалпы ұзындығы
2428 км
Қазақстан аумағындағы ұзындығы
1084 км
Қайда құяды?
Каспий теңізіне

IV. Оқулықпен жұмыс

а) Оқушылардың оқуы

Өлеңді оқушылар кезектесіп оқиды, негізгі ой анықталады.

ә) Сөздік жұмысы

Өлеңдегі жаңа сөздер мен тіркестер түсіндіріліп, сөйлем ішінде қолдану тапсырмасы беріледі.

V. Ой толғау (топтық тапсырмалар)

1-топ

Өзеннің қандай пайдасы бар?

2-топ

Қазақстанда қандай өзендер бар? Ата.

3-топ

3-сыныпта Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын оқыдыңдар? (Жауапты «бұтақтарға» жазу.)

4-топ

Өзеннің суретін сал.

VI. Сергіту сәті

Қызықты мәлімет

  • Әлемдегі ең ұзын өзен — Мысырдағы Ніл. Ұзындығы: 6670 км.
  • Ең қысқа өзен — АҚШ-тағы Ди. Ұзындығы: 37 м.
  • Қазақстанда шамамен 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.

VII. Ұжымдық жұмыс (экологиялық талқылау)

Талқылау

Жер бетінің 3/4 бөлігін су алып жатыр. Бірақ су неге тапшы?

Себеп

Судың ластануына не түрткі болады?

Шешім

Суды қорғау үшін не істеу керек?

VIII. Сабақты қорытындылау

Бекіту тапсырмасы: «Бес жол өлең» әдісі бойынша «Өзен» тақырыбына шағын синквейн құрастыру.

IX. Бағалау

Топтық жұмыс, белсенділік және тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.

X. Үй тапсырмасы

  • Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңін жаттау.
  • Жайық туралы жазылған өлеңдерден үзінді жаттау.

Материал оқу үдерісіне бейімделіп, тілдік тұрғыдан редакцияланды.