Сабаққа дайындығын тексеру

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Байқоңыр қаласы, №8 Ю. А. Гагарин атындағы мектеп
География пәні мұғалімі: Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы

Сынып

9-сынып

Тақырып

Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлеуеті

Сабақ мақсаттары

Білімділік

  • Қазақстанның дүние жүзі картасындағы орнын және экономикалық-географиялық жағдайын анықтау.
  • Экономикалық-географиялық жағдайының артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау.
  • Табиғи ресурстық әлеуетін сипаттауға бағдар беру.
  • Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісін анықтау.

Дамытушылық

  • Карта бойынша Қазақстанның географиялық орнын сипаттау дағдыларын жетілдіру.
  • Табиғи ресурстық әлеуетті талдау арқылы білімді тереңдету.

Тәрбиелік

  • Отан туралы білімді тереңдете отырып, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру.
  • Географиялық мәдениетке баулу.

Ұйымдастыру және әдістеме

Сабақ түрі

Жаңа тақырып

Ұйымдастыру формасы

Фронтальді

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар

  • Дүние жүзінің саяси картасы
  • Қазақстанның саяси картасы

Негізгі ұғымдар

географиялық орын әкімшілік-аумақтық құрылым облыс аудан округ экономикалық-географиялық жағдай табиғи-ресурстық әлеует табиғи жағдай табиғи ресурстар табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімі

Номенклатура

Картамен жұмыс барысында келесі нысандарға көңіл бөлінеді:

Семей Ақтөбе Қарағанды Астана Алматы Ақтау Шымкент

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Оқушылармен амандасады.
  • Түгендеу жүргізеді, сабаққа дайындығын тексереді.
  • Психологиялық дайындықты бағамдайды.

Оқушылардың іс-әрекеті

  • Орындарынан тұрып амандасады.
  • Сабақта кім жоқ екенін анықтайды.
  • Сабаққа дайындалады.

2) Білім мен іскерліктерді жан-жақты тексеру

10–12 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімін тексереді:

  1. 1 «Экономикалық география» атауын енгізген ғалым кім?
  2. 2 Экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер дегеніміз не?
  3. 3 Қазақстан шаруашылығы дамуының кезеңдері қандай?
  4. 4 Экономикалық әлеует деген не?
  5. 5 Экономикалық әлеуеттің құрамдас бөліктері қандай?

Оқушылардың іс-әрекеті

Үлгі жауаптар

  • 1) М. В. Ломоносов.
  • 3) Қазақстан шаруашылығы дамуының негізгі 4 кезеңі: дәстүрлі экономика (б.з.д. I мыңжылдықтың басы – XIX ғасырдың ортасы), халық шаруашылығының бастапқы қалыптасуы (XIX ғасырдың ортасы – 1920 жж. аяғы), жоспарлы экономика (1920 жж. аяғы – 1990 жж. басы), нарықтық экономикаға өту кезеңі (1990 жылдан бастап).

Ескерту: 2, 4, 5-сұрақтарға жауаптар талқылау барысында толықтырылады.

3) Жаңа материалды меңгеру

Негізгі бөлім

3.1 Қазақстанның географиялық орны

  • Республика аумағына жалпы сипаттама беру.
  • Басқа елдермен салыстыру арқылы орналасу ерекшеліктерін анықтау.
  • Еуразия материгіне қатысты орнының маңызын түсіндіру.

3.2 Аумағы: көлемі мен ұйымдастырылуы

  • Жер көлемі бойынша әлем елдері арасындағы орнын салыстыру.
  • Әкімшілік-аумақтық бөліністі сипаттау.
  • Республикалық маңызы бар қалаларға тоқталу.

3.3 Экономикалық-географиялық жағдай (ЭГЖ)

  • Шаруашылық пен экономикалық-географиялық орынның өзара байланысын анықтау.
  • ЭГЖ-ға баға беру критерийлерін сипаттау.
  • Артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау.

3.4 Табиғи-ресурстық әлеует

  • «Табиғи жағдай» ұғымын анықтау және оның шаруашылыққа ықпалын түсіндіру.
  • «Табиғи ресурстар» ұғымын ашып, олардың жіктелуіне тоқталу.
  • Табиғи ресурстарға шаруашылық тұрғысынан баға беру.
  • Табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімі туралы қорытынды жасау.

4) Жаңа тақырыпты бекіту

Жаңа тақырыпты бекіту үшін кестелер мен суреттер талданады, сондай-ақ карта бойынша сипаттама беріледі.

5) Сабақты қорытындылау

Қорытынды сұрақтар:

  • Қазақстанның географиялық жағдайы қандай?
  • Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы қандай деңгейде?
  • Табиғи-ресурстық әлеует дегеніміз не?

6) Бағалау

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағаланады.

7) Үй тапсырмасы

  • Оқулықтағы 2-параграф сұрақтарына дайындалу.
  • 28-беттегі 1–6-тапсырмаларды орындау.
  • Тест сұрақтарына жауап беру.