Сәлемдесу - ізеттілік қағидасы
Мақсаты
Оқушыларды қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуге, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі болуға, жаман әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелеу.
Түрі
Дөңгелек үстел
Көрнекілігі
Күн мен бұлттардың макеті, суреттер, нақыл сөздер.
Кіріспе
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз «Әдептен озбайық» тақырыбына арналды. Әңгімеміз әдептілік, мәдениеттілік және ізгілік туралы болмақ.
Әдептілік, ар, ұят — адамдықтың белгісі. «Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы», — дегендей, әдепті болу ұғымы өте кең.
Адамның әрбір іс-қимылы, жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстауы — оның әдептілігі мен мәдениеттілігін көрсетеді.
Талқылауға сұрақтар
-
1
«Әдептілік» сөзінің баламаларын атаңдар.
-
2
Әдепті адамды, әдепті баланы, әдепті қызды қалай тануға болады?
-
3
Әдептілікті бізге кім үйретеді?
«Ой жалғастыру» ойыны
Бастапқы сөзі берілген ойды өздерің жалғастырып аяқтаңдар.
1-сұрақ
«Әдепсіз болмаймын» десе, нені істеуге болмайды?
2-сұрақ
«Әдепті бала» деген атқа сай болу үшін не істеу керек?
Тіршілік оянудан басталады
Таңертең оянған әдепті адам қуанады, жақындарымен амандасады. Әдептілік — сәлемнен басталады. Сәлемдесу — ізеттіліктің қағидасы. Ізеттіліктен әдептілік туындайды, ал ол — адамдар арасындағы мейірбандықтың белгісі.
Сәлемдесу мәдениеті: негізгі қағидалар
Сәлемдесудің түрлері
- Дауыстап сәлем беру
- Қол алысып амандасу
- Иіліп сәлем беру
- Алыстан қол көтеріп амандасу
- Қас-қабақпен, қимыл-іс-әрекетпен, ыммен ізет көрсету
Амандасуға арналған сөздер
Кім бірінші амандасады?
Үлкендермен жастар бірінші болып амандасады.
«Сәлем» деп кімдерге айтқан жөн?
Тең қатар құрбыларға, жолдастарға.
Қол беріп амандасу кімге тән?
Ер адамдарға және үлкен кісілерге.
Алыстан кетіп бара жатқан адаммен қалай амандасу керек?
«Сәлеметсіз бе?» деп айқайлаудың қажеті жоқ. Ол адам сені көрсе, басыңды изеп не сәл иіліп амандас.
Түйін
«Адамдықтың белгісі — иіліп сәлем бергені». Халқымыз амандасуды адамгершіліктің басты қағидасы деп біледі: дос-жат демей сәлем беру — адамдық парыз, азаматтық борыш.